• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2010

Жартыжылдық қорытындылары не дейді?

569 рет
көрсетілді

Кеше Статистика агенттігінде аталған агенттік төрағасы Әлихан Смайылов журналистермен баспасөз маслихатын өткізді. Бұл отырыс биылғы жылғы қаңтар-шілде аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналды. – Қысқа мерзімді экономика­лық индикатор 2010 жылғы қаңтар-шілдеде 2009 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 109,2 пайызды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық ин­ди­каторды есептеу жеделділікті қам­тамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ішкі жалпы өнім­нің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құры­лыс, сауда, көлік және байланыс сияқ­ты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруі­не негізделеді. Үстіміздегі жылғы қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6474,7 млрд. теңгені құрады. Бұл өт­кен жылғы осы айларға қара­ған­да 11 пайызға артық. Кен өндіру өнер­кәсібінде және карьерлік жұмыста – 5,8 пайыз, өңдеу өнер­кәсібінде – 19,4 пайыз, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 8,1 пайыз өсім байқалды. Сонымен қатар ауыл шаруа­шы­лығы жалпы өнімінің көлемі биыл­ғы жылдың қаңтар-шілдесінде 460,0 млрд. теңгені құраса, өткен жыл­дың осы кезеңімен салыстыр­ған­да 1,3 пайызға артып отыр, – деп атап өтті агенттік төрағасы Ә.Смайылов. Былтырғы жылғы қаңтар-шіл­деде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2257,6 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,9 пайыз кем. Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 3890727,5 млн. тең­гені құрап, 2009 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 13,5 пай­ызға артқан. Ал бөлшек сау­да тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1589968,7 млн. тең­гені құрап, өткен жылмен салыстыр­ғанда 13,3 пайыз­ға өскен. Тұтыну бағаларының ин­дексі 2010 жылғы шілдеде 2009 жыл­ғы желтоқсанмен салыстыр­ған­да 104,6 пайызды құра­ған. Азық-түлік тауарларына бағалар 5,6 пай­ыз, азық-түлік емес тауарлар – 3 пайыз, ақылы қызметтер көр­сетуге 4,8 пайыз артқан. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы шілдеде өткен жылдың желтоқсанымен салыс­тырғанда 2,5 пайыз артқан. 2010 жылғы 1 жартыжыл­дық­тағы жедел деректер бойынша, ішкі жалпы өнім көлемі ағымдағы баға­лар­да 8733,0 млрд. теңге болса, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыс­тырғанда нақты ІЖӨ-нің өсуі 8,0 пайызды құраған. Биылғы жылғы маусымда ха­лық­тың орташа жан басына шақ­қан­да ақшалай табыстар баға бой­ын­ша 41 181 теңгені құраса, өсім өткен жылғы маусыммен салыс­тыр­ғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 17,7 пайыз, нақты ақшалай та­быстар үшін 10,2 пайызды құра­ған. Ағымдағы жылғы маусымдағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 81266 теңгені мөлшерлесе, 2009 жылғы маусымға қарағанда 17,9 пайыз өскен. 2010 жылғы шілдедегі жұмыс­сыз­дар саны бағалау бойынша 498,1 мың адамды құраған. Жұ­мыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 5,7 пайызын құрап отыр. Жұмыспен қамту ор­гандарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны былтырғы жылғы шілденің соңында 71,7 мың адам болған. Жасырын жұмыс­сыз­дық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құраған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.