• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2010

Дерек пен дәйек

441 рет
көрсетілді

14 000 000 000 өңірде Елбасының “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасымен    6 аурухана салуға осыншама теңге қарастырылған Халықтың денсаулығын қор­ғау маңызды міндеттердің қата­рында болғандықтан, өңірде бағ­дарлама бойынша нақты жұмыс­тар қолға алынып, оның тияна­ғы келтірілуде. Мысалы, бағдар­ламаға сәйкес жоспарланған 6 аурухана құрылысына 14 млрд. теңге қарастырылса, оның төр­теуінде жұмыс қыза түскен. Мер­дігер ұйымдар белгіленген құрылыс-құрастыру жұмыстарын толық көлемде орындап, нысан­дардың сапалы салынуына мән бергені осының дәлелі. Олардың қатарында Іле ауда­ны Өтеген батыр кентіндегі 200 төсектік Алматы өңірлік балалар ауруханасы мен 450 адамды қа­былдайтын емхана, Еңбекші­қа­зақ ауданы, Есік қаласындағы 250 төсектік орталық аурухана және Алакөл ауданындағы Дос­тық кентіндегі 50 төсектік ауыл­дық аурухана құрылыстарын ай­ту­ға болады. Ал қалған екі ден­саулық сақтау нысанына бай­ланысты типтік жобаларды жасау аяқталып, жұмыс кестеге сай жалғастырылуда. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. 

* * *

400 000 000 Ақтөбе қаласындағы Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрын күрделі жөндеуге бюджеттен осыншама теңге қаржы  бөлінген Бұл қаржының 150 миллион теңгесі республикалық бюджет­тен, қалғаны жергілікті бюд­жет­тен бөлініп отыр. Өткен жылдың мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары алдағы қыр­күйек айында аяқталады деп кү­тілуде. Театрдың іші-сырты адам танымастай өзгереді. Жиһаздар, көрермендер залындағы отыр­ғыш­тар, жылжымалы сахна, аспа­лы шамдар, басқа да заттар то­лықтай жаңартылады. Жиһаз­дар мен басқа құрал-жабдықтар Сауд Арабиясынан, Түркиядан, Ресейден әкелінуде. Театрдың күрделі жөндеу жұмыстарын “Ок­сибилд” компаниясы жүр­гізу­де. Мұнда 70 адам еңбек етуде. Бұған дейін театрдың бас ауруына айналып келген жылу мәселесі де оң шешімін таппақ. Театр ғимаратының дербес жылу қазандығы да салынып жатыр. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.

* * *

83 000 Өткен жылы өңірге осыншама адам туристік сапармен келді Облыс бойынша 12 туристік фирма жұмыс істейді. Баянауыл­да­ғы Жасыбай көлі жағасында  туристерге арналған 20-шақты дем­алыс үй бар. Бұл жердің ту­ристік маршрутын танымдық-этнографиялық тарихи туризм орталығы деп те атауға болады. Жыл сайын осы жердегі ұлттық саябақ шаруашылығы 35-40 мил­лион теңгедей пайда тауып  отыр. Ішкі туризмнің өркениетке ілесе бастауының арқасында Мойылды курортына, Қалатұз шипажайына Ресейден, Герма­ниядан туристер көптеп келуде. Сонымен қатар, облыстағы ту­рис­тік фирмалар сыртқы туризм саласына да нақты назар ауда­руда. Мысалы, облыстан шетке шық­қан туристердің 96,2 пайы­зы  ТМД-дан тыс елдерді таң­да­ған. Облыс тұрғындарынан 2009 жылы Түркияға –3110 адам, Қытайға – 1132, БАӘ – 408, Германияға – 332, Тайландқа – 291, Мысырға– 235, Чехияға –112 адам барып қайтқан. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.