• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2010

Жасампаз жоспарлар, жаңа нысандар

452 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қазақстан Үкі­меті мұнайшылар қаласы Жаңа­өзен­нің әлеуметтік-экономи­калық проблемаларын шешуге бағытталған арнайы қаулы қа­былдағаны белгілі. Онда біраз жылдардан бері қордаланып қал­ған қиын түйіндерді шешуге бюджеттен 42,9 млрд. теңге бө­лініп, сол жоспарға сай бұл күн­дері қаланы жылу, су, газбен, электр энергиясымен қамтуды одан әрі жақсарту қызу жүруде. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үй, орта мектеп, перзентхана, үш балабақша құрылысы салынуда. Аталмыш жоспар аясында осы жылда ғана 24 инвестициялық жо­баның жүзеге асуы үшін 11912,5 млн. теңге бөлініпті. Қала тұрғындарын жұмыспен қамту, “Жол картасы” аясындағы  шараларды жүйелі жүзеге асыру, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын­дар­ға шағын несие беру жұмыстары жолға қойылып, жыл басынан бері қала бой­ынша 6,2 мың жаңа жұмыс ор­ны ашылған. Және де осынау бағдарламаға сай жұмыс­шы кадрларды дайын­дау мақ­са­тын­да “Қаз­мұнайгаз” АҚ-қа қа­расты өндіріс кәсіпорын­дарын­дағы оқу орта­лық­тары мен қала­дағы орта кә­сі­би білім беретін оқу орындары­ның да ауқымы кеңейтіле түскен. Осындай жүйелі жұмыстар нәти­жесінде осы жылдың аяғына дейін алты ірі жоба – 200 пәтер­лік тұрғын үй, бір балабақша, санаторийлік үлгідегі балалар кешені, өкпе ауруларын емдейтін аурухана пай­далануға беру жос­парланған. Мұнайшылар қала­сына жұ­мыс сапарымен келген облыс басшысы Қырымбек Кө­шер­баев осындай қамқорлық пен көмек туралы айта келіп өнім өндіру жоспарын жүзеге асыруды жолға қойып ұйымшылдық, ынтымақ-бірлікпен жұмыс жасау қажет­тігіне тоқталды. Және де осынау ке­шенді бағдарлама үшін 2010 жылы республикалық бюд­жет­тің соңғы нақтылауын қос­қанда 15,4 млрд. теңге бөлін­генін қаперге салды. Сайып кел­ген­де мұның бәрі жаңаөзендік мұнай­шылардың жағдайын жақ­сарта түсуге бағыт­талған игілікті шара­лар екендігін айтты. Облыс әкімі сол күні 280 орындық ма­ман­дан­дырылған балалар кеше­ні­нің ашылу салтанатына қаты­сып, жаңадан жұмыс істей бас­та­ған жекеменшік “Айназ” бала­бақ­ша­сымен, “Жібек жолы” сау­да орталығының жұ­мыс­тарымен та­нысты. Жоламан БОШАЛАҚ. АҚТАУ.