• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2010

Жұмыс тобы мүшелерін қабылдады

550 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығы Жұмыс тобының мүшелерін қабылдады. Қ.Тоқаев дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі атқарылған табысты жұмыстарға орай биыл­ғы 13-14 қазанда съезд Хатшы­лы­­ғы Жұмыс тобының Астанада бол­ған отырысына қатысушы­лар­дың бәріне алғыс айтты. Жұмыс тобының мүшелері Діни лидерлер кеңесінің қызметі туралы тұжырымдама жобасын бекітті. Бұл құжатты әзірлеу ту­ра­лы Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев бастама көтер­ген болатын. Төраға тұжырымдама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2012 жылы болатын ІV съезінде бе­кі­тілетінін айтты. Хатшылық­тың 2011 жылғы мамырда бо­ла­тын ке­лесі отырысында Діни ли­дер­лер кеңесінің тұжырымда­ма­сын қабыл­дау­дың нұсқасын, ІV съездің өтетін мерзімін, тақы­ры­бы мен күн тәртібін бел­гілеуді талқылау жоспарланып отыр. Кездесуге қатысушылар өрке­ниет­тер арасындағы үнқаты­су­дың жаһандық үдерістеріндегі, толерант­тық пен өзара түсіністік қағидаларын бекітудегі Прези­дент Нұрсұлтан На­зарбаевтың үлесін жоғары бағалады. Халықтар арасындағы бірлік пен келісімге қол жеткізу үшін кон­­фессияаралық үнқатысу ма­ңызды құрал екені, ал съезд түрлі діндердің өкілдерінің ынтымақ­тас­тығы үшін жаңа тұғырнама бо­латыны аталып өтілді, деп хабарлады Пар­ламент Сенаты­ның баспасөз қызметі.