• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Адамгершілікке негізделген құқық

695 рет
көрсетілді

Кеше Мәдениет министрлі­гінің қолдауымен “Құқықты дамыту ор­талығы” қоғамдық қоры “Адамдық өл­шем саласындағы құқықтық мәде­ниетті арттырудың халықаралық және отандық тә­жірибесі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оның жұмы­сына Пар­ламент депутаттары, Бас про­куратура, Жо­ғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Мәдениет, Білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарап­шылар, ғалымдар және т.б. басқалар қатысты. Аталған шараның негізгі мақ­саты халықаралық және отандық тәжіри­бе­ні зерттеп, халықтың адамдық (адамгершілік) өлшем саласындағы құқықтық мәде­­ниетін арттыру болып табылады. Соған орай дөңгелек үстел отырысына қатысушылар гендерлік тепе-теңдік, көші-қон саясаты, адам саудасы, толеранттылық, кемсітпеу­ші­лік, заң үстемдігі, сот билігінің тәуелсіздігі, әділ талдау құқығы, дін, сөз және бейбіт жиналыс бостандығы, қозғалу бостандығы, өлім жазасы және оны жою, ұлттық азшылық, жек көру негізінде жасалатын қылмыс, адам құқығы саласындағы білім беру және тағы басқа да мәселелерді талқыға салды. Осыған орай құқық қорғау жүйесін реформалау, ішкі істер органдары жүйесіндегі коррупциямен күрес, адам құқын қорғаудағы соттардың рөлі, сондай-ақ адам құқы саласынадғы БҰҰ қалыптары мен халықаралық тәжірибе, тұтынушылардың құқын қорғаудағы ҮЕҰ рөлі, гендерлік саясат, гендерлік тепе-теңдік, көші-қон саясатының негізгі қырлары және олардың құқын қорғаудағы халықаралық талаптар, адам саудасынан зардап шеккендерді анықтаудың тауқыметтері және тағы басқа да мәселелерге байланысты ойлар айтылды. Александр ТАСБОЛАТОВ.