• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Ынтымақтастықты дамыту мақсатында

426 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Парламенті Сенатының Төрағасы Тахер әл-Масриді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту және парламентаралық бай­ланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаевқа Иордания Ко­ролі Абдалла ІІ-нің сәлемін жет­кізді. Журналистерге арналған бри­финг­те Тахер әл-Масри Нұр­сұл­тан Назарбаевтың басшылығымен Қа­зақстанның дамуы деңгейіне жоға­ры баға берді. – Президент Нұрсұлтан Назар­баев әлемдік деңгейде мемлекет құрды, Қазақстанды табысты және прогресшіл ел жасады, – деп атап көр­сетті ол. Сенат спикері сондай-ақ Қа­зақ­станның ЕҚЫҰ-ға табысты төр­ағалығын атап өтті. – Қазақстан Батыс пен Шығыс арасын байланыстыратын көпірге айналуда. Ел тыныштық пен тұрақ­тылықты сақтау ісіне орасан күш-жігерін жұмсауда. Қазақстан көп кешікпей Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық жасайды және бұған Президент Нұрсұлтан Назар­баев көп еңбек сіңірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбас­шылығы мен бастамалары тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде бағалануда, – деп атап көрсетті Иордания Пар­ламенті Сенатының Төрағасы.