• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2010

Еліміз қызметі лайықты бағаланды

395 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер ми­нистрінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Амир Ман­сур Боргаимен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Тараптар екіжақты сауда-эко­но­микалық ынтымақтастықты дамы­ту, атап айтқанда, көлік және ауыл­ша­руа­шылық салала­рындағы перс­пек­ти­валық бір­лескен жобаларды жү­зеге асыру мәселелерін тал­қылады. Сондай-ақ, халықаралық және аймақтық қауіп­сіз­діктің көкейкесті проблемалары туралы пікір алма­сылды. Ирандық дипломат Елба­сы­ның  сыртқы саяси баста­ма­ларына, соның ішінде Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ лауазымындағы төрағалығы және біздің еліміздің ИКҰ СІМ кеңесіне алдағы төр­ағалығы шеңберінде іске асырылып жатқан шараларға жоғары баға берді.