• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

Дерек пен дәйек

444 рет
көрсетілді

653 100 000 000 Облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, өңірде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында осыншама теңгеге жетіп, 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға өсті Осы кезеңде кен өндіру өнер­кә­сібі тұрақты жұмыс істеп, ондағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 106,7 пайыз болды. Мұнай өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңдегі дең­гейімен салыстырғанда 2,1 пайызға өсіп,  5950,2  мың  тоннаны  құ­ра­­ды. Мыс кенін өндіру 47,4 пайызға,  хром  — 13 пайызға, хром  кон­цен­трат­тары 2,6 пайызға арт­қан. Өндірістің елеулі өсімі  өңдеу өнеркәсібінде  қалыптасып отыр, яғни бұл көрсеткіш 46,1 пайызды құрайды. Химия өнеркәсібінде 3,3 есе өсім болса, мәшине жасау мен металлургия өнеркәсібінде де елеулі ілгерілеушіліктер бар. Ет, ұн, сүт, өсімдік майы өндірісі, феррохром, хром ангидридін, хром қышқылын, натрий бихроматын  және тағы басқа өнімдерді шығару көлемі өсті. Электрмен қамтамасыз ету, газ, бу және ауамен баптау саласында нақты көлем индексі 126,5 пайыз құраса, электр энергиясын  өндіру көлемі  23,7 пайызға, жылу энергиясын өндіру 6,9 пайызға өскен. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. ______________ 85 000 000 тауар өндірушілер жәрмеңкеде алматылық тұтынушыларға осыншама теңгенің азық-түлігін саудалады Қалалықтар мен ауылдағы тауар өндірушілер арасындағы байланыс­тың қалыптасқанына да біраз жыл болды. Алматылықтар сенбі, жек­сен­біде жәрмеңкеден арзан бағаға қа­жетті азық-түлік тауарларын алып, қысқа қор жинауда. Жәрмеңкеге Жетісу жеріндегі шаруа қожалықтары мен диқан қауымы өздерінің жаз бойы төккен терлерінің өтеуі – өнімдерін шығарып, екі арада делдалсыз сауда жүйесі қыза түскен. Өнеркәсібінің өркендеуімен ерекшеленген Іле ауданының тауар өндірушілері өткен жылы алматы­лық­тарға 54 млн. теңгенің азық-түлігі мен бақша, көкөніс түрлерін сауда­лаған еді. Ағымдағы жылы оларға бөлінген “Қазақфильм” ша­ғын ауда­нындағы тұтынушыларға арнап, 30 мәрте жәрмеңке ұйым­дастырып, ет пен сүт, шұжық, нан өнім­дері мен көк­өніс түрлерін әке­ліп, тұтыну­шы­лар­дың алғысына бөленді. Баға ба­зардағыдан едәуір төмен, сапасы жоғары. Биылғы жәрмеңкеде жолдары болған ілелік тауар өндірушілер тұ­ты­нушыға 85 млн. теңгенің азық-тү­лігін ұсынып, қала мен ауыл ара­сын­дағы байланысты жақсарта түсті. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. ______________ 5 690 “Жол картасы” шеңберінде облыста осынша жұмыс орны ашылды “Жол картасы” шеңберінде әлеу­меттік жұмыс орындарын және жас­тар тәжірибесін ұйымдастыру бағ­дар­ламасын кеңейту бағыты бой­ын­ша жыл басынан бері жоспардағы 4500-дің орнына 5690 адам нәпақа­сын табатын жұмысқа орналасты. Бұл үшін облыста жан-жақты жұмыстар жүргізілді. Әсіресе, кә­сіп­орындармен, шаруашылықтар­мен, мекемелермен келісім-шарт жа­салды. Оларда әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Жоғары оқу ор­нын бітірген жас мамандар жас­тар тәжірибесі бағдарламасы бой­ын­ша алғашқы еңбек жолын бастады. Облыс бойынша ең жоғары еңбекақы Рудный қаласында, ал өнд­ірісі, қаулаған кәсіпорны жоқ ауыл­дар бұл жөнінен әлі артта қалып отыр. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай облысы.