• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2010

Қуанышқа қуаныш қосылды

471 рет
көрсетілді

Қарағандылық ерлі-зайыпты  Сергей Пирог пен Ирина  Баг­ра­ти­на бұл күнде  үлкен қуаныш құ­ша­ғында. Ирина босанар алдында  үш нәрестеге өмір сыйлай­тын­ды­ғын күтпеген еді. Үшемді бауырына қысқан  жас ананы  алғашқы бо­лып облыс әкімі Серік Ах­метов құт­тықтады. Ол Елбасы аты­нан оған үш бөлмелі пәтердің кілтін кін­­дік кесуші дәрігерлер көзінше табыс етті. Бес жанға ұлғайған отбасы кеше жаңа қоныстан отау тікті. Ели­завета, Дарья және Полина есімді  бір-бірінен айнымайтын сәбилер күн санап жетіліп келеді. Қос қуа­нышқа бөленген ата-ананың шы­найы қамқорлыққа ризалықтары шексіз. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.