• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2010

Кеше...

483 рет
көрсетілді

...НАСИХАТТЫҚ ТОП АУЫЛҒА КЕЛДІ Елбасы Жолдауын наси­хат­тау қай кезде де артық етпейді. Кеше “Нұр Отан” ХДП Атырау облыстық филиалы жанынан құрылған насихатшылардың бір тобы Махамбет ауданының елді ме­кендерін аралады. Бұрын осы аудан­ның әкімі болған, бүгінде обыстық жер қатынастары бөлімін басқаратын Рысқали Сисатов бас­таған топ Есболда, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бастығы Қуан Бисенов жетекшілік еткен на­сихатшылар Сарытоғай ауыл­дық округінде тұрғындармен кездесіп, Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп берді. Жолдауда айқындалған мақ­сат­тар мен міндеттердің мұнай­лы өңірде орындалысы да ай­тыл­ды. Әсіресе, әлеуметтік мә­селелердің түйінін тарқату, тұрғындардың тұрмысын жақ­сар­ту орайындағы қолға алын­ған істердің өмір­шең­ді­гіне на­зар аударылды. Оның мы­са­лы аталған ауылдардың қазіргі ахуа­лынан да байқалады. Бұл ауыл­дарда табиғи газ, ауыз су желілері тартылған. Ал тұрғын­дар та­ра­пы­нан қойылған сауал­дар жеке бас­тың қамын емес, көпшілікті тол­ғандырған мәселелерді қамтыды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ Атырау облысы. * * * ...“СЫР СҮЛЕЙІНІҢ” ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде атақты шайыр Тұрмағанбет жайында түсіріл­ген “Сыр сүлейі” деректі филь­м­і­нің тұсаукесер рәсімі болды. Заманның қиын-қыстау кезін­де көп қиындық көріп, қу­даланған жыраудың шығарма­лары­на да тыйым салынып, тәуелсіздік ал­ғаннан кейін ғана Елбасының “Мәдени мұра” бағ­дарламасы аясында Тұрма­ған­бет есімі қайта жаң­ғырғаны көпшілікке аян. Деректі фильм­нің желісінде оның осындай соқпақты да тоқпақты өмір жолы мен шығармашылығы ба­рынша дәріптелген. Осы ар­қы­лы зал тола көрермен қауым жы­рау атамыздың мол мұра­ларына қанықты. Фильмді түсірген режиссер – қармақшылық Жетіру Жә­ні­беков. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда. * * * ...“ЖАC ҰРПАҚ” ТРЕНИНГІ ӨТКІЗІЛДІ Кәмелеттік жасқа келмей, темекі тартуға әуестену – жас­өс­пі­рімдердің денсаулығына да, бо­лашағына да үлкен қауіп. Осы әлеуметтік кеселдің алдын алу мақ­сатында Орал қала­сындағы “Жас ұрпақ” қоғам­дық бірлестігі же­текшілері “Те­мекі сатып алғысы кел­ген жас­өспірімді қалай тоқ­та­ту­ға бо­ла­ды?” деген тақырыпта тре­нинг өткізді. Мұнда темекі тартудың зияны экологиялық, медици­на­лық, әлеуметтік-психологиялық және рухани-эстетикалық тұр­ғы­дан дәлелденді. Тренингте мазмұн мен түр тығыз үйлесім тауып, ол ойын үлгісінде өт­кізілді. Аталған ша­раға оқу­шы­лар мен әлеуметтік пе­дагогтар және құқық қорғау ор­ган­дары­ның қызметкерлері қатысты. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.