• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2010

Басты басымдық – инфрақұрылымды жаңғырту

560 рет
көрсетілді

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ-ты дамытудың 2020 жыл­ға дейінгі страте­гия­лық бағдарла­ма­сын­да отан­дық темір жол көлігі мәши­не­сін жасау және темір жол кө­лігі өндірістік активін жаң­ғыр­ту, еңбек өнім­ділігін өсі­ру  бас­ты басымдықтар бо­лып са­­на­лады. Компания осы мақ­­сатқа жету жолында бар­лық салада белсенді қимыл­дауда. Осының бір айғағы ретінде “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ төра­ғасының орынбасары Ти­мур Құ­лыбаев пен “Қазақстан те­мір жолы” ҰК” АҚ президенті Асқар Мамин компанияның Ақмола облысындағы бірқатар еншілес кәсіпорындары­ның жұмыстары­мен танысты. “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ филиалы – Бурабай ку­рор­тын­дағы рельс дәне­кер­леу зауы­тын­­да 310 маман қыз­мет етеді. Кә­сіп­орын негізінен рельс торкөз­дерін құрас­тыру-дә­некерлеу, ескі рельстерді жөн­деу арқылы қалпына кел­тіру жұмыстарымен айналы­са­ды. Өн­діріс орнын жаңа құ­рал­дар­мен жаб­дықтау арқылы рельсті өң­деу жол­дың жоғарғы қабатына қа­жет­ті ма­териал­дар­ды жаңадан са­тып алу­ғ­а ке­те­тін шығынды азай­та­ды. Ма­ман­дар мұнда жылына 300 ша­қырым­нан астам рельсті дә­некерлейді. Үстіміздегі жылы компания жол­ды күрделі жөндеуден өткізу жос­парын өткен жылға қарағанда екі есеге арттырып, 478 шақырым­ға жет­кізді. Би­ылғы он айда жөн­деудің бар­­лық түрлерінен 8500 шақырым жол өткізілді. Бұл арқылы 2300 ша­қы­рымда жолау­шылар по­йы­зының, 1000 шақы­рымда жүк тиеген жыл­жымалы құ­рам­­дардың қозғалыс жыл­дам­ды­ғы едәуір артты. Ком­пания 2011 жылы 9 мың шақырым жол­ға жөндеу жүргізуді жос­пар­ласа, оның ішінде 600 ша­қырымы күрделі жөндеуден өткізіледі. “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ төр­аға­сы­ның орынбасары Ти­мур Құлыбаев пен “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ пре­зи­денті Асқар Мамин бастаған мамандар тобы “Рауан Бу­ра­бай” ЖШС темір жол кә­сіп­орнының жұ­мы­сымен де та­ныс­ты. Мұнда магис­траль­дық және маневрлік локомо­тив­терді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету ісі атқары­ла­ды. Үстіміздегі жылы 753 теп­ло­возға техникалық қызмет көрсетілді. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 649-ды құраған болатын. Оның сыртында кәсіп­орын темір жол көлігіне қажетті 1500-ден астам өнім түрін шы­ғарады. “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ отандық кәсіп­орын­дардан тауар және қызмет түр­лерін сатып алуды 80 пай­ызға дейін өсірсе, 2015 жылы оны 95 пайызға жеткізуді жос­парлап отыр. Ескендір ЕРТАЙ. Астана. Суретте: “Самұрық-Қа­зы­на” ҰӘҚ төрағасының орын­ба­сары Тимур Құлыбаев пен “Қа­зақстан темір жолы” ҰК” АҚ президенті Асқар Мамин кәсіпорынның жұмысымен танысуда.