• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2010

Елорда маңы да дамытылмақ

390 рет
көрсетілді

17 қарашада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астана қала­сы­ның маңындағы аймақтарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес барысында Президент тапсырмасы бойынша әзірленген, 2011-2013 жылдардағы Астана қа­ла­сының маңындағы елді мекен­дердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының жобасы қаралып, бекітілді. Кешенді жоспар ең өзекті әлеуметтік және инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге, Ақмола облысының Ар­ша­лы, Целиноград және Шортанды аудандарындағы бірқатар ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арт­ты­руға, сондай-ақ астананың шо­ғыр­ландырылған өңірін қалыптас­ты­ру үшін жағдай жасауға бағыт­талған. Кеңес жұмысына орталық мем­лекеттік органдардың басшылары, Ақмола облысының әкімі Сергей Дья­ченко және Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова қатысты.