Жас ұрпаққа қамқорлық жасау – Елбасымыздың басты талаптарының бірі. Бұл талап әр жерде өз мүмкіндіктеріне қарай шешілуде. Айталық, Бесқарағай ауданы орталығындағы Борас орта мектеп жанынан 25 балдырғанға арналған алғашқы топ осыдан алты жыл бұрын ашылған еді. Өткен оқу жылында аталған білім ордасында тағы да “Балбөбек” тобы іске қосылды. Оның ағымдағы жөндеу жұмысына 900 мың теңге жұмсалса, ал 2629,5 мың теңгеге топқа қажетті құрал жабдықтар сатып алыныпты.
Биыл да жағымды жаңалық жалғасын тауып, “Айналайын” және “Балапан” деп аталатын екі топ ашылып отыр. Онда 45 балдырған тәрбиеленуде. Осы екі топты ашуға аудандық бюджеттен 4639,0 мың теңге қаржы бөлініпті.
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы.