Қай ата-ананың баласының келешегі үшін жүрегі сыздамайды дейсіз? Қайтсем баламды денін сау етіп өсіремін, қандай білім беремін, қалай баспаналы етемін деген сауалдар бізді жиі мазалайды. Бала есейген сайын бұл мәселелер әке-шешенің алдынан жиі көлденеңдейді. “Әр адам өз жолын өзі табуы керек” дейтін қағиданы жиі қайталасақ та, бәріміз де өзімізге қарағанда балаларымыздың бақытты, дәулетті, қай жағынан болса да үлкен дәрежеде бақуатты болғанын қалаймыз.
Дегенмен, балалардың келешегін қамтамасыз етуде әр кезең өз дегенін ұсынады. Бір кездері кәмелеттік жасқа, үйлену тойына дейін жасалынатын сақтандырулар кеңінен танымал еді. Ұл немесе қыз 18-ге толғанда оның есеп-шотында қомақты қаражат жинақталып тұратын. Бұл сома кооперативтік пәтер сатып алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге әбден жететін. Қазір де белгілі бір соманы балалар үшін депозитте жинақтауға болады. Бірақ, ең дұрысы ниетті жүзеге асыру үшін “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ ұсынып отырған жолды таңдаған дұрыс: балаға арнап тұрғын үй құрылыс жинағы келісім-шартын жасау керек. Егер қажет деп тапсаңыз – барлық балаларыңызға есеп-шот ашуға болады. Бұл үйінде бүлдіршін баласы жетіліп келе жатқан жандар үшін ең қолайлы жол, тұрғын үй алуға арналған ақша баламен қосылып өсе береді.
Оның үстіне банк тұрғын үй құрылыс жинағы туралы бірнеше келісім-шарт жасалған жағдайда оны ынталандыруды көздеп отыр, яғни, 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында ТҚЖБ “Отбасы” акциясын жүргізбек.
Акцияның мақсаты – клиенттердің барлық отбасындағылар үшін жасайтын келісім-шарттарына кететін шығынын азайту. “Көптеген клиенттер үшін отбасындағы бірнеше адамға тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт жасағанда белгілі бір қаражат кететіндіктен, әсіресе, ауылдық жерлер үшін “Отбасы” акциясы жасалып отыр. Үшінші келісім-шартты отбасындағы келесі мүше үшін мүлде тегін жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, үшінші келісім-шарттағы сома алдыңғы екі тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарттағы келісім-шарт сомасынан аспауы керек” дейді акцияның жай-жапсары жайлы банк қызметкерлері. Және бұл акцияның бұрын жасалған келісім-шарттарға, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында баспана алу үшін заем алуды көздеп тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартқа отырған 2005-2007 және 2008-2010 жылдардағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға қатысы жоқ екендігін атап өткен жөн. Акцияға қатысу үшін барлық ТҚЖ туралы келісім-шарт жасасуға қажетті құжаттарға қоса, неке туралы куәлікті және баланың туу куәлігін ұмытпау қажет – мұның бәрі бір отбасынан екендігін дәлелдеу үшін қажет.
Тағы да ескерте кететін жәйт: “Отбасы” акциясының аясында келісім-шартты “Тұрғын үй құрылыс жинағы банкінің” барлық филиалдарында, “Қазпошта” бөлімшелерінде, сондай-ақ Банктің агенттерінде жасауға болады. Аталмыш акция бойынша тегін келісім-шартты тек баланың атына ғана емес, отбасының басқа да мүшелеріне – әйеліне, еріне, ата-анасына да жасауға болады. Айналып келгенде, барлығы жабылып үйді кеңейтуге бірігіп қаражат жинауға мүмкіндік туады. Мәселен, үлкен жеке меншік үйді немесе коттеджді осылайша бірігіп сатып алуға, салуға әбден мүмкіндік бар. Бірақ, бәрінен де бұрын жұрт балаларының келешегі үшін алаңдайтыны белгілі. Сондықтан да бұл акция әсіресе, әке-шешелер үшін көкейкесті. Және ең бастысы – балаңыз үшін келісім-шарт жасау арқылы оның келешегін ғана қамтамасыз етіп қоймайсыз, осы арқылы сіз тұрғын үй заемына қол жеткізе отырып, мемлекет тарапынан көмек ретінде салықтық жеңілдіктерге де ие бола аласыз.
Дәл қазіргі таңда ТҚЖ жүйесі табысы орташа жандар үшін баспана мәселесін шешудің ең оңтайлы жол екендігін тағы да қаперге сала кетсек артық болмайды. Нарықтық ставка бойынша коммерциялық банктер ұсынатын ипотекалық несиелер негізінен табысы орташадан жоғары және бастапқы жарнаны төлеуге жағдайы бар клиенттерге бағытталған. Оның үстіне тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі еліміздегі банктік қызмет рыногында бір де бір несиелік мекеме бере алмайтын төмен пайызбен заем алу мүмкіндігін ұсынып келеді. Атап айтқанда: тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақылар, таңдап алынған тарифтік бағдарламаға байланысты 3,5-нан бастап 5 пайызға дейін жылдық үстеме, 25 жылға дейінгі несиелеудің қолайлы жүйесі, сыйақы үстемесінің өзгермеуі, салықтық жеңілдіктер, мемлекет тарапынан клиенттерге арналған жыл сайынғы ынталандыру сыйақысы.
Әлде де болса акцияны пайдаланып қалуға уақыт бар, ал тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт отбасындағылардың баршасы үшін ең жақсы Жаңа жылдық сыйлық болар еді.
Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-тан төмендегі телефондар бойынша білуге болады:
Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында
Айнаш ЕСАЛИ.