• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2010

Приднестровье проблемасын реттеуге арналды

477 рет
көрсетілді

Жақында Киевте “5+2” пішінін­де кезекті бейресми кездесу өтті. Онда Днестр өзенінің қос жағалауы арасында еркін қозғалыс мәселелері талқыланды. Кездесудің басты мақ­саты – ұзаққа созылған При­днестровье кикілжіңін реттеу. Кездесуді Украина Сыртқы істер министрі Константин Гришенко ашып, аталған проблемаларды бейбіт түрде реттеуде тараптар – АҚШ, Ресей, Украина, ЕҚЫҰ және Еуро­палық одақ, сондай-ақ Молдова мен  Приднестровье белсенді жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Кездесу барысында ЕҚЫҰ миссиясының ықпал етуімен  Кишинев пен Ти­рас­поль өкілдері таяу уақытта бұрын қол қойылған келісімдерді түгендеу жө­нін­дегі жұмыстарды бастау туралы уағ­даластыққа қол жеткізілді. Бұл екі ел үшін қажетті қадам болып табылады. Кездесуге қатысушылар, сондай-ақ темір жолмен жолаушылар тасы­мал­дау, экспорт тетіктерін оңтайлан­ды­ру, Днестр өзенінің қос жағалауы арасында тауарлар тасымалдау қозға­лы­сын жеңілдету, стационарлық теле­фон байланысын қалпына келтіру жө­ніндегі оңтайлы қадамдарды қуат­тады. Сонымен қатар, өзара сенімді нығайту шараларын қамтамасыз ету бойынша бірқатар проблемаларды шешу мақсатында  байланыстарды белсенді жүргізу қажеттігі атап өтілді. Ал ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының созылмалы жанжалдар жө­ніндегі арнайы өкілі, елші Болат Нұрғалиев талқыланған мәселелерге қатысты пікірсайыстар жемісті бол­ғандығын, өз кезегінде ол 1-2 желтоқ­санда Астанада өтетін ЕҚЫҰ Сам­митін­де қаралуы мүмкін екендігін атап өтті. Бұл кездесу Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде және Қазақстанның күш жұмылдыруымен ұйымдастырылып отыр. Болат Нұр­ғалиевтің айтуынша, осындай кез­де­су­лер ұзаққа созылған жанжалдарға қатысты проблемаларды ашық түрде талқылауға, оларды бейбіт түрде реттеуге мүмкіндік береді. “Егемен-ақпарат”.