• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2010

Теңге күні атап өтілді

517 рет
көрсетілді

15 қараша – еліміздің ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіби мерекесі екені белгілі. Ал биылғы жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 15 жылдығы аталып өтілді. Бұл күні “Тұран-Астана” уни­верситетінде аталған мерекеге бай­ланысты форум өткізілген болатын. “Тұран” корпорациясының вице-президенті, экономика ғылымда­ры­ның докторы У. Әлиев жиналған көп­шілікке өзінің мерекелік құт­тық­тауын арнады. Ал экономика факультетінің сту­денттер қауымы 5 командадан жа­сақталған топтарға бөлініп өз­де­рінің қаржы саласындағы бі­лім­дерін ортаға салып, өзара жарысқа түсті. Мерекелік іс-шара барысында фо­­румның модераторы, аға оқы­ту­шы А. Өтелбаев “теңге” атауының шығу тарихы жайлы қысқаша ба­ян­дама жасады. Ал жиналған көп­шілік болса еліміздің теңгесі Ре­сей­дің рубль кеңістігінен қалай шық­қа­ны, ақшаның бәрін рубльден тең­геге ауыстыру кезінде қандай қиындық­тарға тап болғандығы мен еліміздің бірінші банкнотының дизайны нендей тәсілдермен жүзеге асырыл­ғандықтары жөнінен көп­теген мәліметтер алып шық­қан­дай болды. Жарысқа қатысушылар банк іс­тері, құнды қағаздар нарығы, салық және салық салу мен сақтандыру сын­ды қаржы жүйесінің негізгі 4 ба­ғыты бойынша өзара бақтарын сынасты. Сонымен қатар аталған кәсіби байқау барысында қатысушылар команданың сәлемдесуі, тақырып­тық слайдтар, сахналық ойындар сынды үйлерінен дайындап келген тапсырмалар бойынша да жарысқа түсті. Бұдан бөлек ерекше ойлау мен зеректіліктерін сынайтын өн­ер­тапқыштық блиц жарысы да ұйымдастырылды. Университеттің проректорлары М. Шайжанов пен Б. Аяпбергенов, УМУ-дің бастығы С. Ермағанова, экономика факультетінің деканы Б. Айсакова, кафедра меңгерушісі С. Тәжікенова сияқты байқағыш әрі қазымыр төрешілерден тұратын әділ қазылар алқасы барлық қа­ты­сушылардың жарыстарын әділ ба­ғалап, ең соңында “Цветок жизни” мен “Жедел несие банк” коман­даларын марапаттады. Бұлардан бө­лек барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар тапсырылды. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.