• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2010

Басты тақырып Ауғанстан болғалы тұр

412 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Португалияның астанасы – Лиссабон қаласында басталған НАТО саммитіне қатысу үшін осы елге келген болатын. Жалпы, аталған ауқымды әрі маңызы айтарлықтай халықаралық басқосуға 28 мемлекеттің басшылары мен жоғары лауазым иелері жиналып отыр.

Талғат ЖҰМАҒҰЛОВ – Лиссабоннан.

Альянсқа мүше мемлекеттер бұл шараға үлкен үмітпен қарай­ды. Саммиттен соң НАТО-да жаңа стратегиялық тұжырымдама пайда болуы тиіс, деп пайым­дайды олар. Бұл ұзаққа созылып бара жатқан экономикалық дағ­да­рыс пен өсе түсіп отырған қауіпсіздік қатерлері жағдайында НАТО-ға көмек қолын созатын жаңа әріптестер ретінде көрініс беруі керек. Мұндай жаңа әріп­тестер қатарында Қазақстан та­рапының болатыны да түсінікті. Өйткені, біздің еліміз әлем кар­тасында тәуелсіз мемлекет ретінде пайда болған 20 жылға же­тер-жетпес уақытта өзін ха­лықаралық қоғамдастықтың то­лыққанды мүшесі ретінде та­ны­тып қана қоймай, дүние­жү­зілік саясат­та өзіндік алар орны бар орда екенін айғақтап үлгерді. Ота­­нымыздың әлемдегі аса бе­дел­ді халықаралық ұйымдардың бірі – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға­лық тізгініне қол жеткізуі мен ЕҚЫҰ-ның Саммитін өт­кізуі де дүниежүзілік деңгейде танылған­ды­ғының дәлелі екені анық. НАТО-ның жаңа страте­гия­лық тұжырымдамасының басты дем берушісі – Америка Құрама Штаттары. АҚШ делегация­сы­ның Лиссабонға ең қомақты бағ­дарлама әкелгені де байқалады. Екі күндік саммит қарсаңында Американың НАТО-дағы мис­сия­сының басшысы Иво Даалдер Құрама Штаттар үшін Еуро­па­да­ғы әріптестерімен кездесу тығыз ынтымақтастық жолындағы та­ма­ша мүмкіндік екенін атап көр­сеткен болатын. Тұтастай алған­да, саммиттің мақсаты НАТО үшін XXІ ғасырдағы жаңа стра­те­гияны ұсыну және сол бойын­ша келісім­ге келу болып табылады. НАТО алдында тұрған қазіргі кездегі қыр көрсетулердің бірі Иран болып есептелсе, ал бас­қосудың басты тақырыбы Ауған­стан болғалы тұр. Альянс елде­рінің көшбасшылары саммитке арнайы шақырылған Ауғанстан президенті Х.Карзаймен бірге елді басқару тізгінін жергілікті билікке беру мәселесін талқы­лай­ды деп күтілуде. Сөйтіп, бү­гінде 150 мың адамды құрайтын бітімгершілер күші 4 жылдың ішінде бірте-бірте ел аумағынан толық шығарылуы тиіс. Саммитте сондай-ақ НАТО мен Ресей қарым-қатынасы мә­селесі қаралатыны да белгілі болып отыр.