• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2010

Ішкі істер органдарына қолдау көрсетеді

414 рет
көрсетілді

Жуықта Венада өткен ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінде Ұйымға қатысушы мемлекеттер Қырғызстандағы қалыптасқан жағдайға назар аудара келіп, осы елдің милиция органдарына қолдау көрсетудің пішінін өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ЕҚЫҰ-ның поли­цейлік сарапшылары мен Қырғыз­стан үкіметінің арасында көптен бері жүргізіліп келе жатқан ке­ліссөздер нәтижесінде қабылданып отыр. Онда Қырғызстан ішкі істер органдарын реформалауға ұзақ мерзімде келу жағы қарастырылған. “Азаматтық қауіпсіздік бастамасы” деп аталатын бұл жаңа жоба ая­сында ЕҚЫҰ Қырғыз Республи­ка­сының ішкі істер министрлігіне бір жыл бойы арнайы қолдау көрсе­тетін болады. Жобаны жоспарлау және жүзеге асыру қызметі таяу уақытта қолға алынады. Аталған бұл жұмыстар ұлттық және жер­гілікті деңгейдегі тиісті билік ор­ган­дарымен тығыз ынтымақтас­тық­та жүргізіледі. Қырғызстанның барлық аумақ­тарында жалпы саны 31 адамнан тұратын халықаралық мамандар жұмыс істейді, оларға 27 жергілікті қызметкер көмек көрсететін бо­ла­ды. Бұл маман-қызметкерлер Қыр­ғызстан ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде заң үс­темдігін орнату, адам құқықтарын құрметтеу, тұрғындардың қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету жөнінде кон­сультациялық көмектер көрсетеді. Аталған жоба ЕҚЫҰ-ның Қыр­ғыз­стан ішкі істер органдарын ре­фор­малау жөніндегі қолданыстағы бағ­дарламасы негізінде осы ел 7 жыл­дан бері жүзеге асырып келе жат­қан шаралардың бір бөлігі болып табылады. ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің оты­рысында Орталық Азия өңірлік ақпараттық және үйлестіру орта­лы­ғының директоры Бексұлтан Сәр­секов сөз сөйледі (суретте). Орта­лық директоры заңсыз есірткі ай­на­лымымен күресте, терроризмді қар­жыландыру көздерін жоюда ЕҚЫҰ мен Орталық арасындағы ынтымақтастықты кеңейту тиімді екендігін атап өтті. “Егемен-ақпарат”.