• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2010

Әлем өткен аптада

332 рет
көрсетілді

БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ Мьянманың әскери басшы­лы­ғы демократиялық оппозиция көсемі 65 жастағы Су Чжи Аун Санды үй қамағынан босатты. Қай­сар күрескерді Янгонның тұрғындары айрықша құрметпен қарсы алды. Елдегі әскери диктатураға қар­сы күреске халықты көтерген Су Чжиді билікке қайта келген әскерилер 1989 жылы үй қама­ғы­на отырғызған еді. Міне, содан 15 жыл 20 күн бойы сыртқа шы­ғуға құқы болмаса да, күресін тоқ­татқан жоқ. Оның сол қажыр­лы күресі үшін оған халықаралық Нобель сыйлығы берілді. ГРУЗИЯ ЕО-ҒА ШАҚЫРЫЛДЫ Еуроодақ үкіметі саналатын Еу­рокомиссияның басшысы Жозе Мануэль Баррозу ресми түрде Грузияға Еуроодаққа кіру жөнінде өтініш беруге ұсыныс жасады. Бұл – Грузияның дипло­ма­тиялық үлкен жеңісі деуге бола­тын оқиға. Баррозу атап айтқан­дай, бұл ЕО мен Грузия ара­сын­дағы қарым-қатынасты тереңдете түседі. Грузия президенті Михаил Саакашвили бүгін Брюссельде Еуропарламенттің сессиясында сөз сөйлемек. ӘЗИЗДІ ӨЛІМГЕ ҚИМАДЫ Жақында Ирактың Жоғарғы соты бұрынғы вице-премьер және сыртқы істер министрі бол­ған Тарик Әзизді өлім жазасына кескен болатын. Оны ел пре­зи­денті бекітуі тиіс еді. Бірақ Жә­лел Талабани бекітуден бас тартты. Тарик Әзиз Саддам Хусейн үкі­метіндегі жалғыз христианин болатын. Диктатура құлағаннан кейін ол өзі келіп, билікке беріл­ген. Оны дарға аспау жөніндегі Талабанидің шешімін демокра­тия­лық жұртшылық қызу қолдап отыр. ҮМІТКЕРЛЕР САНЫ – ОН Желтоқсанның 19-ы күні Бе­лоруссияда президент сайлауы өтеді. Оған үміткерлер тіркеу рә­сімі аяқталды – сайлауға түсуге он адам іріктеліп шықты. Әрине, бас үміткер – қазіргі пре­зидент Александр Лукашен­ко­ның өзі. Оған қарсыластардың ішінен, сарапшылардың пайым­дау­ынша, бәсекеге түскендей мық­ты тұлға жоқ көрінеді. Сон­дықтан да қазіргі президент алғашқы турда-ақ жеңіп шығуы мүмкін. ЯНУКОВИЧТІҢ АДАМДАРЫ Украина президенті Виктор Янукович ел астанасы Киев қа­ласының әкімі Леонид Черно­вец­кийді орнынан алып, қала бас­шысы етіп өз адамы Алек­сандр Поповты тағайындады. Кім ауыспай жатыр, онда тұрған не бар деуге болар. Бірақ бұл тағайындаудың ерекшелігі, Украинаның президенті өзінің осы шешімімен ауыстыратынын түгендеген көрінеді. Енді барлық жерде – оның өз адамдары. АҚ БОЛСА, АҚТАЛАР Ресейлік кәсіпкер Виктор Бут лаң­кестерге қару сатты деген айып­пен Таиландтан АҚШ-қа жеткізілді. Орыстардың өз азаматына шы­рылдап ара түскені құптар­лық-ақ. Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзі жүгіріп жүр. Айыбы жоқ, ақ дейді. Ақ болса, ақталар. Бірақ ақтығы кү­мәнді. Сол Таиландқа лаңкестер­мен кездесуге барғаны да дәлелденіп отыр. ҚАРА ТІЗІМДЕ КІМ БАР? Түрік елінде Қауіпсіздік кеңесі әзірлейтін “қауіп тудыруы ықтимал” елдер тізімі бар көрі­не­ді. Ол әркез қайта қаралып, бір елдерді оған кіргізіп, біреулерін шығарып отырады екен. Жа­қын­да “қара тізімнен” Ресей, Арме­ния, Грузия, Болгария және Гре­кия шығарылыпты. Оның есесіне ол тізімге үнемі Түркиямен жақсы қарым-қатынаста болған Израиль кіргізіліпті. ПУТИНДЕ ТАҒЫ БІР ИТ БАР Әркімде әртүрлі құмарлық болады. Ресей үкіметінің басшы­сы Владимир Путин итке құмар. Оның сондай “әлсіздігін” еске­ріп, Болгария премьер-министрі Бойко Борисов оған күшік сыйлады. Бұл каракачан дейтін иттің тұқымы екен. Айтуларға қара­ғанда, жақсы ит көрінеді. Мейлі ғой, ұнаса, болғаны да. Ал оған аю, қолтырауын ұнаса, қиыны­рақ болар еді ғой. ДЕПУТАТҚА ДА САУАТ КЕРЕК Бразилия парламентінің де­пу­таты атақты комик Франсиско Сильваның өз мандатынан айырылып қалу қаупі бар. Әңгіме мынада. Ел заңы бойынша депутат болып тек білімі бар, жан-жақты сауатты адам ғана сайлана алады екен. Ал Сильва жаза да, оқи да алмайды деген сөз бар. Соған көз жеткізу үшін оған куәлерді қатыстыра отырып, диктант жаздырып, сауатын анықтамақ көрінеді. Әзірлеген Мамадияр ЖАҚЫП.