• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қараша, 2010

Жетісулықтардың Кореяға сапары

464 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының сали­қалы саясатымен Қазақстанның шет мемлекеттермен байланысы нығая түсуде. Соның бірі ағым­дағы жылы Елбасымыз Нұр­сұл­тан Назарбаев пен Корея Рес­пуб­ликасының Президенті Ли Мен Бак екі ел арасындағы ынтымақ­тастық жайлы келісімді жаңғыр­тып, тараптар 2010 жылды Қа­зақстанның Оңтүстік Кореядағы жылы ретінде жариялаған еді.  Мұның  өзі қос мемлекеттің бұ­ған дейінгі байланысын жақсар­ту­ға жол ашты. Бұған дейін Ал­ма­ты облысына Кенги провин­циясының губернаторы Ким Мун Су бастаған делегация арнайы ке­ліп, ынтымақтастық байланыс­тың тағы бір  бағытын белгілеген еді.   Оңтүстік Кореядағы Қазақ­стан жылының шеңберінде Кен­ги провинциясының орталығы Сувон қаласында Алматы облы­сының мәдени күндері жалғасып, облыс әкімі Серік Үмбетов бастаған делегацияны губернатор Ким Мун Су қабылдады. Жақын­да осы сапардан оралғандар жур­налистерге өз ойларымен бөлісті. Екі жақты кездесуде облыс бас­шысы Жетісу жерін 16 мың­нан астам корей диаспорасы ме­кендейтінін, үш этномәдени бір­лестікте өздерінің салт-дәстүрін, тілі мен дінін сақтауға барлық жағ­дай жасалғанын жеткізген.  Өңір халқының әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға көңіл бөлін­ген­діктен, 116 елмен сауда-эко­номикалық байланыс жасалаты­нын көлденең тартқан. Жетісулықтар сапары бары­сында халқымыздың мәдениеті мен өнерін, дәстүр-салтын өр­нек­теп, Сүйінбай атындағы филар­мо­ния, “Алтынай”,  “Құлансаз”, Тал­дықорғандағы “Ачимноуль” корей ансамбльдерінің өнерпаз­дары­ның әсем әні мен күйіне, мың бұралған биіне қол соғып, қошемет көрсетіпті. Корей халқы­ның қолөнершілері темірден түй­ін түйген Дәркембай Шоқпарұлы мен Құрманғазы Қадыров, Ерлан Әбжановтың, қылқалам шеберле­рі Гүлфайруз Исмаилова, Құр­ман­ғазы Ақашевтың туындылары, ұлттық нақыштағы бұйымдары көрсетілсе, олар оны тамашалап, ерекше ықылас танытқанын да айтқан жөн. Жетісулықтар Сеул қаласы­ның көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени орындарымен танысып, осындағы орманда орналасқан Қазақстан аллеясында да болып­ты. Онда 2008 жылы Елбасының атынан белгітас орнатылған екен. Делегация мүшелеріне Кенги провинциясының губернаторы Ким Мун Су екі аймақтың мәде­ни-экономикалық байланысына қатысты мүдделілік танытқанын да ерекше ықыласпен жеткізген. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.