• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2010

Енді баспана мәселесіне бас қатыра беруге болмайды

478 рет
көрсетілді

Пәтер сатып алу үш­ін несиені қалай алу­­­ға бо­лады? Және қа­рызды қай­тарудың ауырт­па­лы­ғын арқа­ламау үшін не істеу ке­рек? Егер “Қа­зақ­стан­ның тұрғын үй құ­рылыс жинақ бан­кіне” хабарлассаңыз, бұл – шешілмейтін мәселе емес. “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ өз клиенттеріне қарайласу мақ­сатында несиелеу талаптарын барынша ыңғайлы да қолжетімді етуде. 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін үйлі болғысы немесе баспанасын жақсартқысы келетін кез келген қазақстандық банктің жаңа да тиімді ұсы­ныстарын пайдалана алады. Ал 1 қарашадан бастап банк тарифтік бағдарламалар бойынша тұрғын үй заемдарын қайтару мерзімін қысқартқан жағдайда, алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы үстемесі 14 пайыздан 12 пайызға дейін төмендейтіні (жылдық тиімді ставка 16,65 пайызға дейін) туралы хабарлайды. Алдын ала берілетін тұрғын үй заемы – баспаналы болудың ең оңтайлы әдісі. Ол клиенттерге алдын ала қаражат жинақтамаған жағдайда да беріледі. Банк салымшысы заемын алып, пәтер сатып алған соң, сол пәтерінде өмір сүре отырып, несиені де қайтарады және қаражат та жинақтайды. Бұл банктен толыққанды заем алуға, тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Салымшы үшін ыңғайлы әрі тиімді, ол алдын ала келісім-шарттағы соманың жартысын жинақтауға уақытын кетірмейді. Заемшылардың түрлі санаттары бойынша алдын ала тұрғын үй заемын беруді барынша қолжетімді ету үшін банк сыйақы үстемесін төмендетіп отыр. Өйткені, үстемелік пайызды азайту банк алдындағы міндеттемелерін өтеудің ай сайынғы жарнасын да азайтып, клиентке өз қарыздарын жабу арзанға түседі. Алайда, клиент үшін бұл жалғыз тиімді ұсыныс емес. Заемшы банкпен есептесу үшін өзі таңдап алған тарифтік бағдарламаға сәйкес, заемды пайдаланудың бүкіл кезеңінде қаражат жинақтаумен болады. Жинақ мерзімі аяқталған кезде заемшыға ең төмен пайызбен (4-тен 5 пайызға дейін) негізгі тұрғын үй заемы беріледі. Бұл алдын ала алынған тұрғын үй заемын жабуға жұмсалады. Несиелеу мерзімі тым ұзаққа созылмас үшін, ТҚЖБ тұрғын үй заемдарының мерзімін қысқартты. “Бастау” тарифтік бағдарламасы бойынша – 6 жылдан 4 жылға дейін, “Өркен” тарифтік бағдарламасы бойынша – 10 жылдан 6 жылға дейін, “Кемел” тарифтік бағдарламасы бойынша 15 жылдан 10 жылға дейін. Несиелеу талаптарына өзгерістердің енгі­зілуі – ТҚЖБ жұмысының клиент жағдайына бейімделгіштігімен және әлеуметтік қарайласу тұрғысынан түсіндіріледі. Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту – банктің ең басты мақсаты делінсе, бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес. Аралық заемдарға сұранысты күшейтіп, қаржыландырудың осы түріне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ТҚЖБ “Жеңіл” несиелік бағдарламасы бойынша аралық тұрғын үй заемын беруді де жаңғыртып отыр. “Жеңіл” бағдарла­ма­сы­ның айрықша тұсы – негізгі қарызды төлеуді 3 жылға дейін кейінге шегере алады. Осы аралықта заемшы тек қана заем бойынша сыйақыны ғана жа­бады. Бұл клиентке шығындарын жоспарлауға мүмкіндік беріп, ертеңге деген сенімін арт­ты­рады. “Жеңіл” бағдарламасы оның өзектілігі мен қа­жеттілігін ғана емес, банктің бәсекеге қабілет­ті­лігін айқын көрсетіп отыр. Дегенмен, банк төлем қабілеті жоқ клиенттерге өз қара­жатын жоғалтпау үшін несиелік тәуекелдерді азай­туға өте мұқият қарайды. Өйткені, “Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі” – мемлекеттік банк. Сондықтан банк мін­дет­ті түрде клиент­терден табысы туралы ақ­па­раттарды талап етеді. Егер заемшының несие алуға табысы жет­кіліксіз болса, онда банк клиентке бір не­месе бірнеше адамды бірігіп заемшы етіп алуға рұқсат береді. Олар негізгі заемшыны одан әрі заеммен қамтамасыз етуде біріккен түрде жауапты болады. ТҚЖБ заемдарына сұранысты арттырудың қо­сымша шарасы – алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алу үшін банкке хабар­лас­қан кли­ент­тер үшін күту мерзімінің жойы­луы. Ендігі жер­де, клиент баспанасын кеңей­туге, яки, пәтер алуға қажетті тұрғын үй құры­лыс жинақтары туралы келісім-шартты жасап немесе қажетті соманың 50 пайызын жинақ­таған жағдайда, 1 айдан бастап 3 айға дейінгі мерзімді құрайтын күту уақытын күтпей-ақ, бірден жоғарыдағы несиелерді ала ала­ды. Осылайша, ТҚЖБ бастамаларының арқасында көптеген қазақстандықтар ертең-ақ жаңа пә­тер­­леріне қоныстанатын болады. Өз кезегінде құры­лыс саласы да қарқындап, ел эконо­ми­касы да тұрақты дамуға қадам баса бермек. Айнаш ЕСАЛИ. ---------------------------------- Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төмендегі телефондар бойынша білуге болады: Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызыл­орда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Тал­дықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтө­бе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында