• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2010

Компания қамқорлығы

490 рет
көрсетілді

16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. Содан бері 19 жыл өтті. Бір жылдан соң 20 жылдық ұлы мерейтой. Осы өшпес жыл­дар белесінде Қазақстан эко­но­микасы қарыштап дамыды. Сая­саттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің ар­қа­сында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Елбасының қамқорлығының ар­қасында ауданымызда халық игі­лігі үшін бірнеше жаңа мектептер мен балабақшалар салы­нып, әлеуметтік маңызы жоғары жобалар іске асуда. Осы ізгі іс­тердің барлығы тәуел­сіздікке қол жеткізгендігіміздің ар­қасы  деп білемін. Еліміздің Ата Заңының 15 жыл­дық мерейлі мерекесінің қар­саңында жаңа оқу жылында әлеу­меттік жоба аясында әлемге әй­гілі Қарашығанақ кенішінің қазы­насын игеріп жатқан «КПО б.в.» компаниясы 900 балаға арналған жаңа білім ошағын салып, ақ­сай­лықтарды зор қуанышқа бөледі. Осы алып құрылыс таяуда Тә­уел­сіздік күніне орай толық бітті. Бұл Тәуелсіздік күніне үлкен тарту болды. Кең-байтақ еліміздің қойна­уын­дағы табиғат байлықтарын иге­ріп жатқан шетелдік компа­ния­лардың ішінде «КПО б.в.» ком­паниясының білім, денсаулық саласындағы әлеуметтік нысан­дар­ды салуға, халықтың өмір сүру стандарттарын биіктете тү­суге өзіндік үлестерін қосып келе жат­қандығын атап өткеніміз жөн. Бүгінгі заман талабына сай жаб­дықталған жаңа мектепте жас ұр­паққа лайықты тәлім-тәрбие беруге барлық мүмкіншіліктер жа­сал­ған. Жаңа білім ордасы Ақсай қаласында ғана емес, облыстағы бетке ұстар білім ордасы болады деген сенімдеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Мектеп уақыт өте келе үздік әлем­дік стандарттар деңгейіне кө­терілуі тиіс» деген сөзінің жар­қын дәлелі осы болса керек. Күнсұлу СҰЛТАНОВА, Ақсай қаласындағы №6 орта мектеп директоры. Батыс Қазақстан облысы.