• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2010

Халықтың рухын көтерді

596 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына еліміздің әр өңірінен Астана Саммитінің табысты өтуімен құттықтаған хаттар толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Алматы облысы, Талдықорған қаласының тұрғыны А.Жа­қияр­ұлы Қазақстан рухани ағарту ор­талығының ұжымы атынан жол­да­ған хатында: «Сіздің әлемдік деңгейдегі саммитті нәтижелі өткізудегі қажырлы еңбегіңіз, кө­регендігіңіз, парасаттылығыңыз елі­мізді үлкен белестерге шыға­рып, қазақ халқының рухын көтер­ді», деп зор мақтаныш сезіммен жазады. «Қазақстан инжиниринг» ұлт­тық компаниясы» АҚ «Семей мә­шине жасау зауыты» АҚ бас ди­ректоры Н.Омаров, кәсіподақ ко­митетінің төрағасы С.Нұралинов және «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Киселева жолдаған хатта Елба­сын ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада табысты өтуімен еңбек ұжымы атынан құттықтайды. Хат автор­ла­ры: «Біз Астана Саммиті Қа­зақ­станның әлеуметтік-экономи­ка­лық және демократиялық да­муына, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының артуына серпін беріп, біздің тәуелсіздігіміздің ішкі саяси негізі болып табы­латын халық бірлігі мен патриотизмді одан әрі нығайта түседі деп сенеміз», – дей келіп, бұл оқи­ғаның дәуірлік мән-мағы­насын атап көрсеткен. Мұндай мазмұндағы хаттар Рудный индустриялық институ­ты­ның ұжымынан келді. Олар өз хаттарында ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбаевтың басшылығы­мен табысты өткенін атап көрсе­тіп, ізгі тілектерін білдірген.