• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Отыз томдық еңбек

486 рет
көрсетілді

Академик А.Сейтешов Алматыдағы Ұлттық кітапханада осы кітаптардың тұсаукесер рәсімін өткізді Ажес Сейтешов қоғам мен өр­кениет жайлы, жас ұрпақ тағ­дыры жайлы тәуелсіздікпен са­бақ­тастыра терең ой толғап жүр­ген ғұлама ғалымдарымыздың бірінен саналады. Академиктің 30 томдық таңдаулы педаго­ги­ка­лық шығармаларының тұсауке­се­рі тәуелсіздік мерекесі тұсын­да өтуі де сондай жарқын ны­шанды аңғартса керек. Ұрпақ тәрбиесіне арнап 30 томдық еңбек жазған ғұлама ту­ралы кеңірек айтқан артық болмас. Зиял-парасаты шын мәнін­дегі рухани кемелдікпен, белсенді өмірлік ұстаныммен ұштаса­тын қазақстандық жас буын ұр­пақтар толқынын тәрбиелеу он­ың темірқазық арманына айнал­ды. Ғалым өз өмірінің соңғы 25 жылын осы арманның Қазақ­стан­да жүзеге асуына арнады. Ака­демик А.Сейтешов өз еңбек­терінде қазіргі педагогика ғылы­мының заңдылық иірімдерін және Қазақстан жастарының рухани даму жолының қалып­та­суын сөз етеді. Ұлттық Ғылым академия­сы­ның шешіміне сәйкес шыға­рыл­ған ғалымның 30 томдық таңдау­лы педагогикалық шығармалары оның 1959-2009 жылдардағы, яғ­ни жарты ғасырлық ғылыми-пе­дагогикалық зерттеу еңбектерін молынан қамтыған. Оның таң­дау­лы педагогикалық шығарма­лары кәсіптік педагогика мен пси­хологияның өзекті мәселе­ле­рін, жалпы педагогиканың жаңа­дан қосылған тармақтарын зерделейді. Сондай-ақ, қазіргі кәсі­би білімнің дамуы, осы орайда кә­сіпқой мамандарды қалыптас­ты­рудың ғылыми негіздері мен ұлт­тық кадрларды даярлаудың ерекшеліктері ғалым назарынан әсте тыс қалмаған. Айтар болсақ, А.Сейтешов – кәсіптік педагогиканың негізін қалаушы, бұрынғы КСРО Педагогика ғылымдары академия­сы­ның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей Ғылым акаде­мия­­сының құрметті мүшесі, Бү­кіл­әлемдік кәсіптік білім ассо­циациясының толық мүшесі. Со­ған қоса ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ауқымындағы «Ұлт­тық кадрлар даярлаудағы ықпал­дастық пен сарабдалдық» мәсе­лесі жөніндегі Үйлестіру кеңе­сінің төрағасы. Қазірде Абай ат­ын­дағы Қазақ мемлекеттік педа­го­гикалық университетінде ғылы­ми кеңесші болып қызмет атқаруда. Профессордың өзі қалыптас­тырған ғылыми мектебі бар деп кәміл сеніммен айта аламыз. Осы кезге дейін ол 48 ғылым док­торы мен 79 ғылым канди­да­тын даярлаған. Қырық жылдан астам уақыт философия, әлеу­мет­тану, техника, геронтология, психология, экология, эргоно­ми­ка, гендік инженерия және педагогика саласындағы ғылыми-зерт­теу жұмыстарымен айна­лы­сып келеді. Соның нәтижесінде жанкешті ғалымның 48 моно­гра­фиясы, 12 оқулығы, 200 кітабы, мыңнан аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Аса ірі ғалым-педагог Ажес Сейтешовтің ғы­лы­­ми мұрасы ХХІ ғасыр ба­сын­дағы жаңа адамды қалыптастыру кезеңін  айшықты бейнелейді. Осы жайларды, ғалымның әл­емдік және Қазақстан педаго­ги­касына сіңірген еңбегін Педаго­гикалық ғылымдар академиясы­ның президенті, профессор А.Құ­сайынов, педагогика ғы­лым­­да­рының докторлары Л.Керімов, А.Қозыбайұлы және басқалар тұ­саукесер рәсімінде айрықша атап көрсетті. Қорғанбек АМАНЖОЛ. ------------------------------ Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.