• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2010

Елбасы абыройы – қазақтың абыройы

509 рет
көрсетілді

Төрағалықтыңтамаша табысы – жасампаздықтың жарқын жеңісі

Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығын,  Ұйымның Астана Саммитінің қорытындыларын осылай бағалауда

Елбасы абыройы – қазақтың абыройы

Биыл Қазақстан үшін ең абы­ройлы, ең жауапты жыл болуы­мен ерекшеленді. Себебі, түркі тіл­дес елдер арасында да, ТМД мем­лекеттері арасында да Қазақ­стан алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық міндетті үлкен абы­рой­мен атқарды. Осынау мәртебелі де жауапты ұйымның Іс басын­дағы төрағасы ретінде Қазақ­стан­ның атқарған міндеті де, өзге елдерге көрсеткен үлгі-өнегесі де ерек­ше. Өйткені, Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығына үлкен дайындықпен кірісті. Бір жағынан Қазақстан­ның төрағалығы реттелуі кезек күт­тірмейтін халықаралық жан­жал­дардың тым тереңдеп бара жат­қанымен тұспа-тұс келді. Мұ­ны, әсіресе, көрші мемлекет –Қыр­ғызстандағы саяси-әлеумет­тік мәселемен байланыстырып ай­тып отырмыз. Соған қарамастан, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төр­ағалық етіп, төбебилік төрінен ақыл­ман қариядай халықаралық жан­жалдарды реттеуде жаңаша бет­­­бұрыс бастағанына жаһан куә болды. Бір жыл бұрын Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалықтың табалдырығында төрт “Т”-дан бастау алатын негізгі қағи­дат­тарды айрықша атап, әлем елдері­нің дәстүрге сенім білдіріп, жаһан­дық өркениетке ұластыратын демо­кратиялық даму жолында ашықтық пен төзімділік танытуға шақыруы­ның өзіндік сыры бар. Себебі, адам­заттың бір-біріне сенім білдіріп, дәстүрін сыйлауда ашықтығы, сонымен бірге, түрлі қиындықтарға төзімділік танытса ғана бейбіт өмірдің аспанын қара бұлт торламас еді. Міне, осы тұрғыдан айт­қан­да, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лығы халықаралық жанжал­дар­ды реттеумен бірге, Тұңғыш Прези­дентіміздің адамзаттың бейбіт өмі­рі­нен қымбат нәрсенің болмай­ты­нын көздегенін жаһан жұрты мойындады. Қазақстанның халықаралық ұйым­ға төрағалық етуіндегі биік бе­дел мен үлкен абыройға жетуі, әри­не, соншалықты оңай болған жоқ. Дегенмен, қазір әлем елдері­нің бел­гілі саясаткерлері Қазақ­стан төр­ағалығын сәтті өтті деп баға­лауда. Бұған, әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назар­баев­тың халықаралық ауқымдағы жан­­жалдарды реттей алатын тәжі­ри­белі саясаткерлігі, адамзаттың бейбіт өмірін қалайтын прогресшіл көшбасшы екендігі оң әсер етті. Бұған Елбасымыздың идеясымен Астанада ұйымға мүше елдер мемлекет және үкімет басшыларының үлкен саммитін өткізуі де дәлел. Шындығын айтар болсақ, Қа­зақ­стан – соңғы он жылда Астанадай әлемдегі ең сәулетті, ең әсем, өркениет талабына орай батыс пен шығыстың сәулеттік көркемдік шеберлігі астасқан жауһар елорда тұрғыза алған бірден-бір ел. Бұл да саммитке қатысушы елдер бас­шыларын таң-тамаша еткен үлкен олжамыз. Қалай айтқанда, үлкен саммиттің ел жүрегі – Астанада өткендігі баршамыздың мерейімізді тасытты. Саммиттің Астанада өтуін ұйымға мүше елдердің барлығы қолдады. Демек, бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты әлем­дегі жетекші елдердің барлығы дерлік қолдағаны. Ал Елбасының беделі мен абыройы – тәуелсіз Қазақстанның беделі мен абы­ро­йы! Бәрінен бұрын осының бәрі қазақ халқының әлем алдындағы мерейінің тасығаны, абыройының биіктегені деп білеміз. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға­лық еткен бір жыл ішінде тамаша та­бысқа жеткенін ұйымға мүше ел­дер­дің саммитке қатысуға келген мем­­лекет пен үкімет бас­шылары, сырт­қы істер министр­лері орынды бағасын берді. Өйт­кені, ЕҚЫҰ-ның төрағалығы кезінде ұйымның үш өлшеміне сәйкес төрт “Т”-дан тұра­тын ұран ру­хында өзге елдер тағы­лым алар­лық сенім мен дәс­түр, ашық­­тық пен төзімділік қағи­дат­тары басты назарда ұсталды. Нұр­сұл­тан Назарбаев Қырғызстан­дағы тұрақсыздық басталған сәтте ал­дымен көмек қолын созып, аға­йын елдің алдағы күндердің жақ­сы боларына сенімін қалыптас­тыруды ойлады. Рас, Қыр­ғыз­стан­дағы жағ­дайдың бірден жақ­саруы мүмкін емес-ті. Дегенмен, екі рет басшы­сын биліктен қуып шыққан сол ел­дің экономи­касын түзету, тұрақ­тылық­ты сақтау үшін ұлт­тық дәс­түрге сай ұлттың болмы­сын таны­та­тын төзім­діліктің қа­жеттігі ай­қын сезілген еді. Қазақ­стан Президенті демократия жо­лын­да түрлі аранда­ту­­ларға бой ал­дырмай, ашық­тық­тың қажет бо­ларына, сөйтіп, төрт “Т”-дан тұ­ра­­тын қағидаттар сақтал­ғанда ғана Қырғызстанның қиын­дық­тан ары­латынын сөзімен де, ісімен де дә­лелдеді. Мұндай биік мақ­сат­тарды көздеген сенімді мұ­рат­тар Ауған­стандағы ахуалды реттеу, Тау­лы Қарабақтағы пробле­ма­лық жағ­дай­ды шиеленістірмеу ора­йын­­дағы жауапты міндеттерді жауапкершілікпен атқаруда да анық аңғарылды. Әсіресе, Қырғызстандағы жағ­дай ушыға бастағанда-ақ Қа­зақ­стан Президенті Нұр­сұл­­тан Назарбаев ал­ды­мен қолұшын соз­ды. Сөйтіп, ежелгі бауы­р­лас ха­лық­тың абдыраған сә­тінде моральдық тұр­­ғыдан да, эко­номикалық тұрғы­дан да қолдауын көр­сетуден аянған жоқ. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осы елге арнайы сапармен барып, ішкі-сыртқы күштер арқылы тұтанған саяси кикілжіңді реттейтін оң қадамдар жасады. Бұдан өзге Ауғанстандағы, сонымен бірге, Тау­лы Қарабақтағы ахуал­дардың күр­меуі қиын шешімін тар­қатуда да тың талпыныстар жасал­ғанына ұйымға мүше елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері, сондай-ақ әлемдік саясаттағы соны істерді терең зерделейтін танымал саясаткерлер орынды баға берді. Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекеттің бас­шылары­ның қаты­суымен үл­кен саммит өтті. Бұл сам­миттің өтуі­­не әлем елдері түгел дерлік қол­дау білдіріп, ерекше қы­зы­ғушылық танытты. Өйт­кені, ХХІ ғасыр басталғалы бері дәл мұндай үлкен саммит өткізілген жоқ. Оны өткізуге бұған дейін ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бірде-бір мемлекет ынталы болмады. Бәлкім, экономи­калық, қаржылық жағдайдың күр­делілігі әсер етті ме, әлде басқалай сая­сат­­тың ықпалы болды ма, әй­теуір, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бас­шыларын бір үстелдің басына отырғызудың сәті түспей-ақ қой­ғаны шындық. Міне, сол олқы­лық­тың орнын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың игі идеясы толтырды. Шын мәнінде Астана саммиті – әлемдегі ең ерекше басқосу. Себебі сан алуан. Біріншіден, бұл жаһан жұрты­на ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бір елдің ғана емес, бүкіл адамзаттың бейбіт өмір сүруін қалайтын Нұр­сұлтан Назарбаевтай про­гресшіл көшбасшысы бар Қа­зақ­станда өт­ті. Екіншіден, бұл тек бір мем­ле­кет­тің бейбіт жолмен өркен­деуін ғана мақсат тұтпай, бүкіл әлем ел­дерін дүрдараз еткен ха­лық­ара­лық ауқымдағы ең қиын жан­жал­дарды реттей білетін Нұр­сұлтан Назарбаевтай ақылды саясаткері, кемеңгер басшысы бар жаңа Қа­зақстанда өтті. Үшіншіден, ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезінде кең талқыға түскен мәселелер тек сыртқы істер министрлерінің ғана емес, 56 мем­лекет басшыларының назарына тікелей ұсынылды. Сол себептен, Астана саммитінде Қа­зақ­станның оң идеялары ұйым­ға мүше елдер басшы­ларынан да қолдау тапты. Міне, елордамызда өткен сам­миттің маңызын осылайша тар­қа­та беруге болады. Қалай айт­қан­да да, Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың идея­сымен өткен саммитті ұйымның барлық мүше елдерінің қолдауы – Қазақ елі үшін үлкен абырой! Сам­миттің ең басты ерекшелігі – Нұр­сұлтан Назарбаевтың идея­шыл, тәжірибелі саясаткерлігін, Қазақстанның татулығы мен бірлігі жарасқан, саяси және эконо­микалық әлеуеті тұрақты мемлекет екендігін барша жаһан жұр­тының мойындауы. Әйтпесе, де­мо­кратиялық өркендеудің талай өткелегінен өткен өркениетті ел­дердің басшылары Астана саммитіне қолдау білдірмеген болар еді. Тіпті 28 елдің президенттері, 10 елдің премьер-министрі Астана сам­митіне келмеген болар еді. Демек, мұны Қазақстанның Тұң­ғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баевтың беделіне, Қазақстандай тәуелсіз елі­мізге көрсетілген құрмет деп бағалау керек. Қазақстанның төрағалығы тұ­сында осынау шешімі қиын түйт­кілдер біртіндеп реттеле бастаға­ны алдымен, Елбасымыз Нұрсұл­тан Назарбаевтың кемеңгерлік сая­сатының жемісі деу керек. Мұны шілдеде Алматыда ұйымға мүше елдер сыртқы істер ми­нистрлерінің бейресми саммитіне қатысқан саясаткерлер де орынды бағалады. Ел­басының ЕҚЫҰ-ның ХХІ ғасыр­дағы алғашқы саммитін Астана­ның төрінде өткізу ұсы­нысының қолдау табуы Қа­зақ­станның, Тұң­ғыш Президентіміз Нұрсұлтан На­зарбаевтың әлем алдындағы беделі мен абы­ройын көтерді. Осының өзінен Нұрсұлтан Назарбаевты әлем елдері тек Қазақстанның ішкі-сырт­қы саясатын орынды жүргі­зуші басшы ғана емес, әлемдік ау­қымда ең қиын жанжалдарды реттей, бір-бірімен дүрдараз елдерді татулас­тыра білетін көшбасшы саясаткерлігін мойындағанын пайым­даймыз. ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Астанада үлкен саммиттің өтуі Қа­зақстанның әлем елдері алдын­дағы беделін және бір рет көтер­ді. Бұған дейін ЕҚЫҰ-ға төраға болған талай елдер дәл Қазақстан секілді әлемдік мәселелерді кең ауқымда қамтыған емес. Оның әрине, түрлі себептері болған шы­ғар. Ал Қазақстан аталған халық­аралық ұйымға төрағалық еткен жыл басынан бері Қырғыз­стан­дағы саяси ахуалдың күрделен­беуіне, Ауғанстандағы жағдай­дың қалыпқа түсуіне, сонымен бірге, Таулы Қарабақтағы шие­леністің оң шешімін табуына бел шеше араласты. Өйткені, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдерінде ядролық қарудан бас тартып, бейбіт өмір­дің орнауын қалайтын бірден-бір саясаткер екенін танытты. Шындығында, аумалы-төкпелі мына дәуірде бейбіт өмірден қым­­­бат ешнәрсе жоқ. Тірлікте адам­­­зат атаулының бір-бірімен жау­­ласпай, тату-тәтті, ынтымақ­тас­тықта болғанына ештеңе жетпейді. Әлем елдерінің татулығын, ынтымақтастығын қалыптастыру – саясаткердің, саясаттың бір қы­ры. Мәселеге осы тұрғыдан үңіл­ген­­де, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­­ағалығы барысында үлкен өз­ге­ріс­терге бетбұрыс жасалды. Бас­қаша айтқанда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев әлемдік ауқымда адамзаттың бейбіт өмірі үшін баянды бет­бұрыстың оң қадамын жасап берді. Мұны саммит барысында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мен көптеген халықаралық ұйымдардың ең беделді саясаткерлері мойындап отыр. Соның нақты дәлелін ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары­ның саммит барысындағы пікірінен бағамдай аламыз. Мәселен, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун­ның “Биыл мен бұрынғы Семей ядро­лық полигонында болдым. Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың орнықты саясаты­ның ар­қа­сында кезінде ядролық жарылыс­тардың эпицентрі болған полигон бүгінде ядросыз әлемнің орталы­ғына айналған. Қазақ­стан­нан өзге елдер үлгі алуы қажет”, деп Тұң­ғыш Президентіміздің адам­заттың бейбіт өмірін көз­дейтін прогресшіл көшбасшысы екендігін орынды бағалады. Ал ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның бұған дейін төрағалық міндетті атқарған ел­дер­дің жұмысында бір-бірінен ажы­ратып алғысыз ұқсас­тық­тар­дың көп болғанына тоқтала келе, “Президент Н.Назарбаевтың бас­тауымен Қазақстанның 2010 жы­лы төраға боламыз деген ниеті мен оның сайлануы ұйымға жаңа леп берді. Одан кейін Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу тура­лы шешім де Ұйымға деген және оның көтеретін мәселелеріне деген қызығушылықты күрт артты­рып жіберді” деген пікірі ұйымға Қа­зақ­стан төрағалығының тағы­лы­мын айқындап берді. Осындай орнықты пікір білдірген ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төр­ағасы Пет­рос Эфтимиу: “Саммит көздеген мақсатына жетті деп әркім де айта алады деп ойлай­мын. Саясаткер­лер­дің әріптестік пен ынтымақ­тас­тық мәселелерін талқылауының өзі үлкен табыс. Әркімнің негізгі проблемаларға байланысты өзіндік пікірі болды, бірақ саммит бары­сын­да әріптестер ор­тақ пікірге келе алды. Осының өзі ор­тақ та­бысқа жетуге мүмкін­шілік беретін жағ­дай. Осы тұрғыдан қара­ған­да саммит жемісті болды деп есептеймін. Саммитті ұтым­­ды ұйым­дастыра білген қа­зақ төрағалығына ри­за­­шылығымды білдіремін. ЕҚЫҰ-дағы төр­аға­лықтардың ішінде қа­­зақстандық төрағалық нә­тижеге  көбірек қол жеткізе алды. Осы саммитке Ұйымның болашағы тәуелді болып тұрған еді” деп келешекте ЕҚЫҰ-ның жаңаша өркен жаяты­нына сенімді екенін айтты. Тегінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету – тек билік айту емес. Дегенмен, Қазақстан ел үшін жауапты міндетті абыроймен атқара алды. Осы ұйым­ға төрағалық кезіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың қауіптерді алдын ала зерттейтін институт құру, ЕҚЫҰ-ға жаңаша серпін беру жөніндегі ұсыныстары ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының Астана саммитінде қолдау тап­ты. Сөйтіп Астана дек­ларациясы қабыл­дан­ды. Демек, әлем елдері­нің Президентіміз Нұр­сұл­тан Назар­баевтың ұсы­­нысын қуаттауы – Қазақстанға айрықша құрмет! Қа­зақ­станға білдірілген сенім – Нұр­сұлтан Назарбаевтай саясаткерге біл­дірілген сенім! Назарбаевтай сая­­сат­к­ер­дің абыройы – Қазақ­стан­дай тәуел­сіз елдің абы­ройы! Демек, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық міндетті әйтеуір атқару қажет қой дегенмен шектелмей, төбебилік төрін­де ақыл­ман қариядай төрелік айтуы өте сәтті өтті деп айтуымызға то­лықтай негіз бар. Осылайша, Астана саммиті тарихқа енді. Төлеуіш СЕРІКОВ, Атырау мұнай және газ инс­­ти­­тутының ректоры, профессор. Атырау облысы.