• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2010

Бейбіт атомның ұлы міндеті

539 рет
көрсетілді

Ертіс жағасында орналасқан Курчатов қаласының көркін бүгіндері екі ірі кәсіпорын – Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялар паркі ашып тұр. 2005 жылы Елбасының тікелей бастамасымен құрылған Ядролық технологиялар паркінің жетістігі жайлы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ президенті Абзал ҚҰСАЙЫНОВ әңгімелейді. – Абзал Тұрсынбайұлы, жа­қында бес жасқа толған Ядро­лық технологиялар паркі ая­ғы­нан нық тұр десек, артық айт­паймыз. Оның алдағы бо­ла­ша­ғын қалай елестетуге болады? – «Ядролық технологиялар паркі» аяғынан нық тұр деген сөзіңізбен келісемін. Шынымен де, бес жыл ішінде біз осы жерден әкімшілік-өндірістік және ЭЛВ-4 электрондарының өндіріс­тік үдеткіші бар радиациялық технологиялар кешенін салдық. Ядролық технологиялар паркі ба­засында бәсекеге қабілетті өнім өндіруші бірнеше кәсіпорын бой түзеді. Мысалы, көбіктенген по­ли­этилен мен жабындық гид­ро­оқшаулау материалдарының, темір жол саласына арналған тежеуіш құрылғылардың өндірісі желісіндегі тауарлар. Жақында біз тұмау, тері ауруларының алдын алу және емдеуге арналған ра­диа­циялық-тігілген фармпре­па­рат­тарды, ксенон қосындысы бар активтенген ауызсуды, табиғи жә­не жасанды тастардан жасал­ған жылыту панельдерін, инфрақы­зыл жылыту элементтері пайда­ланылған қыштарды шығару жұмыстарын бастап кеттік. Технопарктің болашағы өте зор. Біздің бәсекелестік артық­шы­лы­ғымыз – ядролық жеделдеткіштерді пайдалануда. Жоға­рыда айтып өткеніміздей, ЭЛВ-4 электрондарының өндірістік үдет­кіші өз жұмысын сәтті жалғас­тырып келеді. Қазір 2012 жылы іске қосылады деп жоспарлап отырған ИЛУ-10 импульсті ба­ғыт­тық үдеткіші бар жаңа кор­пустың құрылысын бастадық. Сондай-ақ протондық үдеткішті орнату да жоспарда бар. Осы үдеткіштердің көмегімен айнала­сынан түрлі жаңа өнеркәсіптер тұрғызып, отандық кәсіпорын­дар­ды сапалы тауарлармен қам­тып қана қоймай, қазақстандық үлесті еселейтін боламыз. Біз парк қызметінің басым бағыт­тары айқындалған Стратегия құ­растырып қойдық. Ол атом энер­гетикасын, құрылыс сала­сын, медицинаны және т.б. қамтиды. Біздің міндетіміз – халық шаруа­шылығында сұранысқа ие тауар­ларды шығаратын өндіріс кластерін құру. Ең бастысы – бір орын­да тұрақтап қалмау. Мәселен, теміржол көлігінің тежеу бұйымда­рын дайындау бойынша «Қазақ­стан темір жолы» АҚ ірі тапсырысын орындау үстіндеміз. Ұлттық компания бұрындары бұл құрылғыларды Ресей мен Украинадан сатып алатын. Енді біз оның отандық өндірушісі болып табыламыз. Ағымдағы жылы мұнай-газ құбырлары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы­на қажетті жылу отырғызушы манжеттер мен таспалар шыға­ратын өндіріс құру жұмысына кірістік. Елде мұндай өндіріспен айналысатын бірде-бір мекеме жоқ. Оларды тек біздің қолы­мызда бар үдеткіштердің күші­мен жасауға болады. Бұл жоба 2010-2020 жылдарға арналған Ин­дустрияландыру картасына ен­гізілген. Менің ойымша, біздің технопарк кәсіпорындары тауар­ларын даналап емес, өндірістік көлемде шығаратын қазақстан­дық әріптестерінің арасындағы ең бірегейі. Біз Ресейдің, Ук­раинаның технологияларын, сон­дай-ақ шетелдік инвесторларды көптеп тартудамыз. Мәселен, жақында ғана британдық грантты жеңіп алдық, жобаға 8 млн. теңге жарнамен «кіріп», 40 млн. инвестиция тарттық. Сонша көп ақша болмағанымен, бастама жаман емес. Алыс және жақын шетелдегі елдермен білескен кәсіпорын­дар құру да шетелдік инвестор­ларды тартудың бірден-бір жолы болып табылады. Құрылысы бас­талып кеткен базасында ИЛУ-10 электрондар жеделдеткіш құру көзделіп отырған корпустың кө­ме­гімен медицина саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Ол радиациялық жолмен медициналық препараттар мен бұйымдарды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді. Тәжірибе көр­се­тіп отырғандай, бұл зарарсыз­дандырудың ең озық түрі болып табылады. Бизнес-жобаға сәйкес, осы жерде медициналық шприцтер, катетрлер, бетперделер, бахилалар және т.б. шығарумен айналысатын медициналық кластер құрылмақ. Болашақта бұл технологияны Қазақстан бойын­ша таратқымыз келеді, мәселен, Астана мен Алматыда, батыс және шығыс шекарада радиация­лық-технологиялық орталықтар құрмақ ниеттеміз. Бүгінгі күні шекарамызға еніп жатқан азық-түлік өнімдерін зарарсыздандыру мәселесі өзектілігін жоймай келеді. Олар: шай, көкөністер, жеміс-жидектер, түрлі қоспалар және т.б. Әдеттегідей, олар түрлі бактериялармен уланады. Егер біз шекараларда, айталық Батыс пен Шығыста, үдеткіштер орнататын болсақ, елге кіріп-шығатын тауар­лардың бәрін зарарсыз­дандыра аламыз. – Барлық жобаларымызды ойдағыдай жүзеге асыру үшін мамандандырылған кадрлар қа­жет. Өңірде оларды шаммен іздеп таппайсың. Бұл жағ­дай­дың жолын қалай тауып жа­тыр­сыздар? – Кадрлық мәселе шынымен де бар. Бұл жағдайдың жолын қалай тауып жатырмыз? Түрлі саладағы мамандарды қабылдап, өз есебімізден қайта оқытамыз. Көбіне шетелде. Өкінішке қарай, бүгіндері Қазақстанның бірде-бір жоғары оқу орны жоба менеджер­­лерін дайындамайды. Сондай-ақ инженерлер де тапшы. Біз элек­трон үдеткіштерін пайдалану үшін Новосібір қаласына 4 адам­ды оқуға жібердік. Қазір олар үдеткішке байланысты бар­лық жұмысты өздері жа­сайды. Екінші ИЛУ-10 үдеткі­шінде жұмыс жасау үшін Ресей Федера­циясына келесі топты оқуға жіберетін боламыз. Сондай-ақ жа­қында бізде өткен халықаралық конференцияда Ресейден кадр дайындау мәселесі бойынша көп­теген ұсы­ныстар түсті. – Жоғары дәрежелі кадрлар жайы белгілі болды. Ал жұ­мысшы мамандарға қатысты қандай мәселелер бар? – Мұндай мәселені де жоққа шығармаймыз. Бізге орта дең­гейлі, мамандандырылған жұмыс­­шылар өте қажет. Бұрындары оларды кәсіптік-техникалық училищелерде даярлайтын, қазір олар­­­дың саны саусақпен санар­лық. Курчатов қаласында да, өкі­нішке қарай, мұндай оқыту мекемесі жоқ. Мұндай оқыту мекемесін ашу бойынша қолда қала әкімдігі, Ұлттық ядролық орта­лық пен Ядролық технологиялар паркінің біріккен жобасы бар. Алайда оның шешімі бюрокра­тиялық іркіліске, нақтырақ айт­сақ, қаржыландыру көзіне тіреліп тұр. Жақында Семейден жақсы жаңалық келді – жергілікті қар­жылық-экономикалық колледж техникалық мамандықтарға қай­та бағдарланбақ. Осыған орай олар біздің ұсыныстарымыз бен қажеттіліктерімізді сұрастырған. Бұл мәселе де оң шешімін таба­ды деп сенеміз. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Марат МАНАСПАЕВ, журналист.