Парламент депутаттары еліміздің қазіргі Президентінің өкілеттігін ұзартуға қатысты бастамаға қолдау білдірді
Кеше Қазақстан Парламентінде қос палата төрағаларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзарту жөніндегі қоғам өкілдерінің ұсынысын қолдаған депутаттардың бастамашы тобы құрылды.
Мәжіліс пен Сенат депутаттары өздерінің үндеуінде Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлі мен миссиясын ұғына отырып жасалғанын атап өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.