• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Референдумның бастамашы тобын және оның республикалық референдумға ұсынып отырған мәселесін тіркеу туралы хабар

518 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының «Рес­пуб­ликалық референдум туралы» Конс­титуциялық заңының 13, 14-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ор­талық сайлау комиссиясы 2010 жыл­ғы 27 желтоқсанда референдумның бастамашы тобын және республикалық референдумға ұсынылып отырған: «Сіз республикалық референдумда Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттіктер мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартасыз ба?» мәселеcін тіркеді. Референдумның бастамашы тобына референдумның бастамашы тобын және оның республикалық референдумға ұсы­нып отырған мәселесін тіркеу ту­ралы куәлік, сондай-ақ республикалық референдум тағайындау туралы баста­ма­шылықпен тілек білдіруші, респуб­ликалық референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азамат­тары­ның қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары берілді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.