Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Б.Жәмішев Мемлекет басшысын ағымдағы жылдың жұмыс қорытындылары туралы, республикалық бюджеттің атқарылуы жайлы, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағының құрылуына байланысты қолға алынған салық-кедендік әкімшілдендіру саласындағы шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ кездесуде ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорының қызметі туралы әңгіме қозғалды.