Жаңа жылдарыңызбен!
Қысқы және көктемгi мезгілдерде республика тұрғындарын жаңа көкөнiспен, жеңсік жемiс-жидекпен қамтамасыз ету мәселесі өте ауыр тиетіні анық. Қазақстанда көкөністі жылыжайда өсіру бизнесі әлі қанатқақты деңгейде, сондықтан жердің әр гектары болсын қабыршақпен немесе қандай да бір басқа материалмен қорғалуы – халқымыздың денсаулығы үшін пайдалы қоректенуінің тағы бір жолы деп санауға болады.
Әр адамның күнделікті азығында көкөністердің көп болуы қажет. Бұл туралы сандаған еңбектер де жазылған, әлі де жазыла береді. Дұрыс емес тамақтанудан әрі жеткіліксіз немесе сапасыз тамақтанудан дәрумендердің ағзаға түсуінің бұзылуы иммунитеттің нашарлауына яғни әр түрлі ауруларға шалдығуына әкеліп соғары сөзсіз.
Әрине, дұрыс тамақтану ережесін әр адам біледі, бірақ мәселе тек білгенде ғана емес мүмкіншілігінде де. Көпшіліктің кірісін есепке ала отырып бағамдасақ, кез келген адам қысқы мезгілде сапалы көкөністер мен жемістерді сатып ала алмайтыны рас. Өйткені көкөніс пен жемістің бағасы өте қымбат. Мысалы, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ деректеріне сүйенсек, республика бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында қызанақ пен қиярдың бір килограмының орташа бағасы 230 – 260 теңге болды, іс-жүзіндегі тәжірибе бойынша, бұл түпкілікті баға емес деп айтуға болады. Ең өкініштісі, осы азықтарды сатудан түскен қаржы Қазақстан экономикасына емес, керісінше басқа елдердің қоржынына құйылып жатыр. Себебі, Қытай, Өзбекстан сияқты елдер жылыжайда өсірілген көкөністердің негізгі импорттаушысы болып отыр. Олар, өз өнімдерінің жоғары сапалы болуына әрқашан кепілдік бере алмайтындығы жасырын емес.
Игілігімізге орай, қазіргі таңда мемлекетіміз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуде, бұл өз кезегінде қордалы топырақта көкөніс өсірудің дамуына оң әсерін тигізеді. Аталған өнім өсірудің дамуында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аса маңызды рөл ойнайды.
Қор 2008 жылы республикамыздың оңтүстік аймақтарында шағын жылыжайларды салу мен пайдалану бойынша жобаларды несиелеу бағдарламасын енгізу есебінен аталмыш өнім өндіруге белсенді қатысты.
– Біріншіден, Қордың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының шағын өндірушілерін қолдау болып табылады, осы есеппен шағын жылыжайлар салуды несиелендіру бағдарламасы енгізілген болатын. Негізінде шағын жылыжайлар туннель немесе арка түріндегі, гелиқабыршақпен немесе поликарбонатпен қапталған, жалпы көлемі 500,0 ш.м. жерді алатын ғимараттар. Бір вегетациялық маусым ішінде өнім өндірушілер әр шаршы метрден орташа 5-7 килограмм қызанақ немесе қияр жинайды, – дейді Несиелендіру департаментінің бастығы Медет Тоқпай.
Аталған бағдарламаның орындалуы аясында Қор 230 млн.теңгеден астам сомаға 117 жобаны несиелендірді. Енгізілген қуаттылықтар Қазақстанның көкөніс нарығын жыл сайын 490 тоннамен қамтамасыз етіп отыр.
– Бағдарламаны орындау кезінде Қор көптеген мәселелерге тап болды: олар – қарыз алушылардың жеткілікті кепілінің, шағын жылыжайларды тиімді түрде қолдану үшін қажетті инфрақұрылымның, қорғанған топырақтағы көкөніс өсіру тәжірибесінің болмауы. Қор аталған мәселелерді түрлі жолдармен шешті, 2010 жылы аталған қызметті несиелендірудің жаңа тетігін енгізу шешімі қабылданды, – дейді Медет Тоқпай.
2010 жылы Қор осы жұмысты жалғастырды және жаңа тетігін қолдана отырып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілеріне лизингке инфрақұрылымдық кешенмен қоса шағын жылыжайлар берілуде. Бұл барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің алдында өткір тұрған кепілдікті қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, республиканың көкөніс нарығын молайту мәселесін шешу үшін бағытталған көкөністердің концентрациясы мен оны әрі қарай тарату. Шағын жылыжайлар көлемі 9,0-10,0 га жерде орналасқан.
– Шағын жылыжайлардың жалпы саны 250, әрбір шағын жылыжай шамамен 500 ш.м. болады деп есептегенде, шағын жылыжайлар жалпы көлемі 12,5 га жерде орналасатын болады. Үш кешеннен күтілетін өнім шығыны жыл сайын 2,5 тонна болады, – дейді Медет Тоқпай сөзін түйіндеп.
Бұл жоба жер телімдерін берген және аталған кешендерге қажетті коммуникацияларды тартқан облыс әкімдіктерімен тығыз байланыста жүзеге асырылып отыр.
Қорытындылай келсек, өнегелі істің өрісі – даму институттары есебінен қаржыланып отырған жобалар ел үшін жалпы оң әсерін тигізеді, ал ол өз кезегінде халықтың ахуалы мен материалдық жағдайының жақсаруына алып келеді.
Марат АҚҚҰЛ, Астана.