• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2011

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті

468 рет
көрсетілді

Көлік саласындағы жұмыстар көңілден шықты Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Онда өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен 2011 жылға белгіленген міндеттер қаралды. Аталған жиында негізгі баяндаманы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов жасады. Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов 2010 жыл жаңа ғасырдың ал­ғашқы онжылдығының түйіні іспетті дей келе, сала үшін бұл өркендеу онжыл­дығы болды деді. Соңғы он жыл ішінде көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Дәлірек айтқанда, тасымалданған жүктердің көле­мі 1,7 есе, жолаушылар тасымалы 1,8 есе, темір жол желісінің өткізу қабілеті 1,5 есе өскен. Автокөлік құралдарының саны 2,4 есе өсіп, қазір еліміздің әрбір алтын­шы тұрғыны жеке көлік иелері атанып отыр. Он жылда көлік инфрақұрылымына 1,4 трлн. теңге жұмсалған. Мемлекет басшысының халықаралық жоғары беде­лінің арқасында дағдарыс жылдарына қа­рамастан, халықаралық қаржы институт­тарынан 4,2 млрд. АҚШ доллары көле­мінде займдар тартылған. Тек өткен жы­лы ғана министрліктің көлік инфрақұ­рылымын дамытуға арналған бюджеті 19,6 пайызға өсіп, 313,4 млрд. теңгені құраса, оның 99,1 пайызы игерілген. 2010 жылғы басты жоба – Мемлекет басшысының «Батыс Еуропа-Батыс Қы­тай» халықаралық көлік дәлізін жаңарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруды бастау болды, – деп атап өтті министр. Үйлесімді ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде, оның ішінде 3 өңірдегі жергілікті атқару органдарының тікелей қа­ты­суымен 2010 жылы жаңа жолдың ал­ғашқы 417 шақырымы салынып, сол ар­қылы жол қатынасы қамтамасыз етілген. Осы ірі жобаны іске асыру барысында жаңа кәсіпорындар ашылып, еліміздің ондаған құрылыс компаниялары жұмыс­пен қамтамасыз етілсе, шағын және орта бизнес, соның ішінде қызметтер және тауарларды, соның ішінде құрылыс мате­риалдарын жеткізу саласындағы бизнес іске қосылған. Сабақтас салаларды қоса есептегенде жобада 34 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған. 4,5 мың жол құрылысы техни­касы қолданылып, 20 млн. текше метрден астам инертті материалдар және топырақ өңделсе, ал қазақстандық қамтылу 89 пай­ызды құраған. Өткен жыл жұмыс орын­дарын ашу жағынан нәтижелі болып, жал­пы көлік және коммуникация кешені бой­ынша 100 мыңнан астам адамға жұмыс орны ашылған. Ел экономикасында ең қажетті жүк тасымалдау түрі және жолаушылар қозға­лысының ең тартымды құралы болып та­бы­латын темір жол көлігі саласының стратегиялық мәні зор. Осы ретте 2 темір жол желісі, атап айтқанда, «Жетіген-Қор­ғас» және «Өзен-Түркіменстанның мемлекеттік шекарасы» желілері салынуда. Бү­гінгі күнге жалпы 162 шақырым жолдың жоғарғы қабаты төселген. Жұртшылықтың жолаушы тасымалына сұранысының ұлғая түсуіне ең алдымен вагон паркінің тозуы мен жетіспеушілігінен тиісті жағдай бол­мауына байланысты көліктік мәшине жасау саласының маңызы арта түсуде. Қазіргі уақытта жолаушыларды жеткізу уақытын қысқарту мақсатында жолаушы пойыз­дарының қозғалыс жылдамдығын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2010 жыл, әсіресе, азаматтық авиация саласы үшін күрделі болып, дағдарыс авиа­тасымалдаушылар арасындағы бәсекелес­тік­ті ширата түскен. Сондықтан өткен жылы ең алдымен халықаралық талаптарға сәйкес келетін нормативтік құқықтық база жасауға, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадрларды даярлау мен негізгі активтерді жаңартуға баса назар аударылыпты. Су көлігінде Ақтау теңіз портын сол­түстікке қарай кеңейту жобасы бойынша концессиялық негізде құрғақ жүк терми­нал­дарын салу мәселесі қарастырылуда. Бұл 2015 жылға қарай порттың құрғақ жүктер бойынша жобалық қуатын 4 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің өзінде қазақстандық порттардың үлесі Каспийдегі жүк айналымының жал­пы көлемінің 31 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта еліміздің ең перспек­тивалы және тиімді нүктелерінде транзиттік дәліздердің ажырамас бөлігі ретінде сау­да, көп функциялы және көліктік-логис­тикалық орталықтар белсене қалыптасуда. Ал, министрлік өз тарапынан қажетті кө­ліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында, атап айтқанда, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу, «Қорғас- Жетіген» жаңа темір жол желісін және басқа да инфрақұ­ры­лым­дық жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізуде. Көлік және коммуникация саласының 2010 жылғы маңызды шараларының бірі Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағ­дарламаның қабылдануы дер едік. Бағ­дарлама аясында жалпы сомасы 2,8 трлн. теңге 58 инфрақұрылымдық жоба баста­лып, іске асырылмақ. Өткен жылдың заманалық маңызы бар оқиғасы Қазақстанның төрағалығы шеңбе­рінде елімізде ЕҚЫҰ- ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Саммитін өткізу екені белгілі. Тарихи Саммитке әзірлену және өткізу аясындағы Елбасы тапсыр­малары орындалып, атап айтқанда, Астана қаласының әуежайында қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету және Саммитке келушілерді қабылдау бойынша іс-шаралар кешені толық орындалған. Азаматтық авиация саласында нормативтік- құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, елімізде ұшу қауіпсіздігін бақылау бөлігінде ИКАО аудиті ескертпелерін жою бойынша және қазақстандық авиатасымал­даушы­лар­ды 2011 жылғы сәуірде және қарашада Еурокомиссияның «қара тізімінен» шығару жөнінде шаралар жүзеге асырылмақ. «Эйр Астана» және «SCAT» авиакомпания­ларының операциялық ли­зинг шарттары бойынша 11 әуе кемесін сатып алуы да алдағы жоспар еншісінде. Кадрларды даярлау мен біліктілігін көте­ру, республика әуежайларының бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру, сонымен қатар, мар­шрут жүйе­сін кеңейту және қолда­ныс­та бар авиажелілердегі рейстерді көбейту бағытындағы жұмыстар жалғаспақ. Су көлігі саласы бойынша да инфрақұ­ры­лым­дық жобалар­ды іске асыруды жал­ғас­тыру, теңіз ма­мандарын даярлау жүйесі мен теңіз порты әкімшілігін құру жоспарланған. Елдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында тарифтік саясатты жетілдіру және бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді қысқарту, сондай-ақ көліктік-ло­гистикалық орталықтарды тиісті көлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ету көзделуде. Алқа мәжілісі соңында министрліктің 2010 жылғы атқарған жұмыстарына баға берген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Көлік және коммуникация саласының бо­лашағынан үлкен үміт күтуге болатын­дығын, соңғы 3-4 жылда және дағдарыс кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген ауқымды инвестициялар экономиканың қажетті­лік­теріне толық жауап бергенін айта келіп,  дағ­дарыстан кейін бөлінген қар­жылар негізінде атқарылған шаралардың талапқа сай болмай тұрғанын да қаперге салды. Осы ретте Премьер-Министр мемлекет пен жеке меншік әріптестігін қамта­масыз ету басты назарда болуы тиіс екенін, бұл тұрғыда Үкіметтің Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде дай­ындаған жаңа заң жобасын тиімді пай­даланған жөн дегенді де айрықша атады. Сондай-ақ ол министрлік алдына бір­қа­тар міндеттер жүктеді. Отырысқа қатысушылар алқа мәжі­лісі аясында отандық өндірушілердің жол-құрылыс материалдарының, арнайы техниканың, сондай-ақ темір жол мә­ши­нелерін жасау саласы өнімдерінің көрме­сін тамашалады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.