06 Сәуір, 2011

Ядроға қарсы әлемнің көшбасшысы

583 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан Рес­публикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында танымал ресейлік саясат­тану­шы Юрий Солозобовтың «Назарбаев – ядроға қарсы әлемнің көш­бас­шысы» атты кі­табының тұ­сау­кесері болып өтті. Мемлекет басшысы Н.­Ә.На­зар­баевтың феномендік тұлғалық сырын ашуға арналған еңбектер соңғы кездері халықаралық шең­берде жиі шыға бастауда. Бұл халықаралық қауымдастықтың Қа­зақстанға, оның басшысына деген ерекше ықыласын көрсетсе керек. Ұлттық стратегия инсти­тутының арнайы жобалар бойын­ша директоры (Ресей Федера­ция­сы), «Қазақстан – саяси жаңа­лық­тар агенттігінің» бас редак­торы және посткеңестік кеңіс­тіктегі саясаттың өзекті мәселе­леріне арналған мақалалар мен кітаптардың авторы Ю.Солозобов жиналған қауым алдында сөз алды. Жоба авторы болып сана­латын саясаттанушы «Назарбаев – ядроға қарсы әлемнің көш­бас­шысы» атты кітап  жайлы әңгі­мелеп берді. Кітапта  танымал ре­сейлік ғалымдардың, белгілі саясаттанушылар мен ғалым­дар­дың және қоғам қайраткерлерінің пікірлері берілген. Мұқабасы ерекше көркемделіп, ішкі беттері түрлі-түсті фотолармен безендірілген еңбек әзірге 2 мың данамен шығып отыр. Бұдан басқа көпшілік наза­ры­на Қазақстан және оның Көш­басшысы жайлы бірқатар кітаптар сериясы ұсынылды. Олар Юрий Солозобовтың айтуынша,   Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына, осы уақыт ішінде қол жеткізілген жетістіктерге  арналып отыр. Жоба авторы Қазақстанға жа­ңа геоэкономикалық жобалар­дың интеграциялық көшбасшысы жә­не бастамашысы ретінде белсенді рөл берілуі тиіс, деп санай­тын­дығын да жеткізді. «Біздің «еу­разиялық үштік» – Ресей, Қазақ­стан және Белоруссия – бұл әлем­дегі ірі мемлекеттер. Біз КСРО-ның экономикалық әлеуе­тінің 83 пайызына иеміз. Ашық айтқанда, біздің екі ел – Ресей мен Қазақстан – бұлар өзінен өзі қуатты әрі тәуелсіз блок», деді ол өз сөзінде. «Назарбаев факторы» біздің ынтымақтастық ісімізде ерекше маңызға ие, дей келіп, 2005 жылы Ресей азаматтарының басым бөлігі Нұрсұлтан Назар­баевты ТМД елдеріндегі ең та­нымал саясаткер ретінде атаған­дығын да тілге тиек етті. Нұр­сұлтан Назарбаев – үлкен елдің арман-мақсаттарын жүзеге асыра алатын жауапты да кемеңгер көшбасшы. Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президенті өзі басшылық етіп отырған жас мемлекет өз тәуелсіздігінде ядроға қарсы бейбітсүйгіш ел болып қалыптасуы үшін көптеген жұ­мыс­тар атқарды. КСРО кезінде еліміз аума­ғын­да 1040 құрылықаралық баллис­тикалық зымырандардың ядро­лық оқтұмсығы және әуе база­сының 370 ядролық оқ заряды болса, бұл әлемдегі төртінші орынды білдіретін еді. Нұрсұл­тан Назарбаев 1991 жылдың соңында Алматы декларация­сына қол қойып, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құ­ры­луы туралы жарияланумен қатар, бұрынғы Одақтың ядро­лық арсеналының жұмыс істеуіне бірлесіп бақылау жасау тетігі де айқындалған болатын. Президент Н.Назарбаев еліміздің Ядро­лық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға дайын екенін 1992 жылы 18-23 мамырда Ва­шингтонға алғашқы ресми сапа­ры кезінде де жариялады. Арты­нан республика аумағында орна­ласқан ядролық қару жойылған болатын. Қазақстан ядролық қару­ды таратпау режімін нығай­туға қатысты осындай қадам жасай отырып, Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құру туралы бастама көтерді. Сөз соңында Ю.Солозобов Қазақстан содан бері ядролық қарусыздану саласында жүйелі саясат ұста­нып келе жатқандығын ерекше атап көрсетті. Негізінен кітап Қазақстан Рес­публикасы Президентінің бас­­­­­па­сөз қызметі мен Қазақстан Пре­зидентінің Тұңғыш мұра­жа­йы­ның көмегімен жарияланып отыр. Олар да тұсаукесер рәсі­міне арнайы келіп қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан  Пре­зидентінің баспасөз қызметі әзір­леген «Қазақстандық жол: тәуел­сіздік хроникасы» атты деректі фильм де көпшілік назарына ұсынылды. Соңынан Ю.Солозобов академия тыңдаушылары мен профессор-оқытушылар құ­ра­мы алдында «Назарбаев – ядролық қаруға қарсы қоз­ға­лыс­тың көшбасшысы» тақы­ры­бында дәріс оқыды. Одан кейін академия ректоры Арын Өр­сариев осы білім ордасының ғылыми кеңесі атынан ресейлік саясаттанушыға Қазақстан Президенті жанын­дағы Мемлекеттік басқару акаде­миясының құрметті профессоры дипломын салтанат­ты жағдайда табыс етті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.