21 Ақпан, 2017

Сыртқы саясатта есебіміз түгел

463 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Біздің елімізде сыртқы эко­но­ми­ка­лық байланыстардың негізі болып табылатын экономикалық дип­­ло­матия бекіп, нығайған. Со­ның нәтижесінде, мемлекетімізде ин­­дус­триялық-инновациялық ба­ғ­­дарламалар іске асырылып, сол мақ­сатта тікелей шетел инвес­ти­ция­лары мен жаңа технологиялар тартылып, жағымды сыртқы бай­ланыстардың ауқымы артуда. Осылайша, Қазақстан ширек ға­сырда әлемдегі өз ұстанымын ны­ғай­тып үлгерді. Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен ба­сымдық беріліп, дұрыс таңдалған көп­қыр­лы сыртқы саясатының ар­­­қасында ширек ғасыр ішінде Қа­зақ­стан экономикасына 130 ми­лли­­ар­­д­­тан астам доллар тартылып, жан ба­сына шаққандағы табыс 10 мың долларды құрады. Қазақстан – Орта­лық Азияға келген барлық сырт­қы инвестициялардың 80 пайыз­дан ас­та­мының қабылдаушысы. Ә­р­­­бір іске асырылған инвес­ти­ция­­лық жоба – ұлтымыздың жә­­не Қа­зақстанның әрбір жеке аза­ма­ты­­ның әл-ауқатының кепілі. Ин­вес­­тициялар мен инновациялар жа­ң­­а мыңжылдықтағы жаңа Қазақ­с­тан­­­ның қозғалтқышына ай­нал­ған. Хал­­­қымыздың әл-ау­қа­тының өсі­мі үшін ел экономикасына инвес­ти­ция­лар­­­ды, инновацияларды және жа­ңа тех­­нологияларды тарту ісі бойынша отан­дық дипломатия айтулы нә­ти­же­­лерге қол жеткізіп, жұмысты та­быс­ты жалғастыруда. Қазақстанның географиялық жә­­не геосаяси тұрғыда Еуразия ке­ңіс­­­­тігінің қақ ортасында, әлемнің же­­­тек­ші державаларымен көршілес ор­­­наласуы сыртқы саясатымызға әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Сол себепті, Тәуелсіздіктің алғашқы күні­нен бастап, Қазақстан Ресей Фе­дерациясымен және Қытай Ха­лық Республикасымен екіжақты қа­рым-қытынастарға стратегиялық ба­сымдық беріп, оны үнемі дамыту үс­тінде. Стратегиялық әріптестік дәне­кер­лері Қазақстанды Америка Құ­рама Штаттарымен байланыс­ты­ру­да. Тәуелсіздік жылдары ішін­де Еуро­одақпен белсенді саяси үн­қа­тысу сақталуда. «Еуропаға жол» мем­лекеттік бағдарламасын іс­ке асы­ру нәтижесінде Қазақстан Еу-­ ро­­паның негізгі мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастықты аса жо­­ғары деңгейге шығара білді. Еу­ро­палық одақ елдері бүгін Қазақ­с­тан­­ның әлемдегі басты сауда және ин­вестициялық әріптесі болып табылады. Елдің индустриялық-ин-новациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында Еуропалық одақ елдерінен озық техниканы және технологияларды тарту Қазақстанның сөзсіз жетістігіне айналды. Еуропалық бағытта қол же­т­кі­зілген табыстар Қазақстан сырт­қы сая­сатының азиялық векторын кү­шейту туралы шешім қабыл­дау­ына мүм­кіндік берді. Бұл өз к­е­зе­­гін­де Тәу­елсіздік жылдарында Қазақ­с­тан­­­­­ның Орталық Азиядағы өз ұс­та­нымдарын нығайтты. Отанымыз өңір­­лік экономиканы белсенді инвес­ти­­циялау мен қазіргі кездегі сынақтар мен қатерлерге бірге қарсы тұруда Орта­лық Азия елдерінің күш-жігерін бірік­тіру бойынша саясат жүргізуде. Қауіпсіздік, су-энергетикалық ресу­рс­тарды тиімді пайдалану, еңбек миг­рациясы проб­лемалары мен өңір өмі­рінің басқа да өзекті мәселелері на­зардан тыс қалған емес. Қазақстан аумағынан халық­ара­лық терроризм, есірткі трафигі, ді­ни экстремизм қатерлері шығатын Ауған­станның тұрақты және ор­нық­ты да­муына мүдделі. Елімізде ау­­ған жас­та­рын оқыту үшін 50 млн АҚШ долла­рын бөлу жөніндегі бас­та­маны қоса алғанда, Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көр­сету туралы шешімі де әлемдік қо­ғам­дастық тарапынан айрықша атап өтілді. Еліміз ЕҚЫҰ-ға төр­а­ғ­а­лығы барысында ұйымға мүше ел­­дердің назарын Ауғанстан мәсе­ле­сіне бұрып, оның тек аймақ мем­ле­кеттеріне қатысты емес екендігін тү­сіндірді. Сондай-ақ, әлемге ортақ бұл түйткілді бірге шешуге қатысты нақты ұсыныстар жасады. Еліміздің жаһандық мәселелерді шешуге атсалысудағы нақты қадам­да­ры мен сыртқы саясатындағы жетіс­тік­терінің нәтижесінде 2017-2018 жыл­дары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіне сайлануы да біздің үлкен жетістігіміз. Бұл – Қазақстанның әлемдік қоғамдастық алдындағы саяси салмағының өсуі әрі ел дипломатиясының негізгі же­ңі­сі.

Нұрлан СЕЙДІН,

саясаттанушы