Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

«Медициналық пойыздар» жобасы

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоба 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен Төтенше жағдайлар мини­стр­лігінің (қазір – Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті) және Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен идеясы.

«Медициналық пойыздар» жобасы

2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қосылды. Медицина пойызына келген әрбір жан ке­лесі медициналық маман­дық­тар­дың білікті мамандарынан тегін тексеруден өтіп, ем ала ала­ды, олар: терапевт, стоматолог, офтальмолог, оториноларин­голог, хирург, педиатр, гинеколог, эндоскопист, кардиолог, невропатолог. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік құ­рал­д­армен, шағын операция бөл­месімен, зертханамен, байланыс құралдарымен және телемедицина конференцияларын өткізу үшін Интернетке қосылу мүм­кіндігімен жаб­дық­талған. Осы­лайша, республикалық үл­кен кл­и­ни­калардың үздік ма­ман­­дары пойыздың медицина қыз­мет­керлері штатына желі арқылы қо­сыл­ады. Онко­логиялық ауруларды, туберкулезді, қант диа­бетін жә­не басқа да ауыр дерттерді ер­те анық­тау, яғни осы ауруларды бастапқы сатысында анықтау аса маңызды.

2017 жылы жоба «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ жә­не «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер мини­стр­лігі аймақтық басқару ор­ган­дарының, сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ, «Нұр Отан» пар­­тиясы қолдауымен жүзеге асы­рылды.

2017 жылы медицина пойыздары келесі бағыттар бойынша жүреді: «Саламатты Қазақстан» құрамы – 11 сәу­ір­ден 6 қарашаға дей­ін ор­та­­лық, солтүстік, шы­ғыс және батыс аймақтарға, «Ден­сау­лық» құ­ра­мы – 18 сәуірден 20 жел­тоқ­санға дейін оңтүстік және ба­тыс аймақтарға барады.

«Егемен-ақпарат»