08 Желтоқсан, 2016

Ұлттық драматургия байқауы

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» жаңа пьесалар байқауы өз мәресіне жетті. «Тарихта ізі қалған дара тұлғалармен кездесудің киелі орны – театр сахнасы» деп ұлтымыздың айтулы классигі Ғ.Мүсірепов айтқандай, қазақтың тілі мен та­рихын, мәдениеті мен өнерінің мәйегіне ай­налған театр сахнасын көркейтетін жанр қашанда дра­матургия екені дау­сыз. Соған орай уа­қыт талабы мен жа­ңа­р­ған қоғамдағы кө­рерменнің тала­бы­на сай дүниелерді сах­налауға, сон­дай-ақ, кәсіби мамандар сарабынан өт­кен пьесаларға жылдан жылға сұ­ра­ныс­тың арта түсуі заңды құбылыс. Дра­ма­­тур­гияның бағытын айқындап, бағ­да­ры­­нан жа­ңылдырмайтын мамандардың әділ сынынан сүзілген шығармалардың те­атр сахнасына жол тартуы кейінгі жас буын қаламгерлерді таныту мен ұлттық драматургияны дамытудың мүмкіндігі саналуда. Тәуелсіздік туының егемен ел көгінде жел­бірегеніне 25 жыл толуына орай өткі­зіл­ген байқаудың мақсаты  – театр реперту­арларын тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі кел­бетін бейнелейтін шығармалармен то­лық­тыру, ұлттық театр өнеріне, өңірден шық­қан та­лантты драматургтерге қолдау кө­рсету, олар­дың көркем шығармаларын на­­сихаттау, жас драматургтерді анықтау бо­латын. Сарапшылар назарына еліміздің тү­­к­­пір-тү­­кпірінен 28 пьеса келіп түсті. Байқаудың ережесіне сәйкес, қаты­су­шы­­лар­ға бұрын-соң­ды театр сахнасын­да қой­ылмаған, тәу­­елсіздік жылдарында жазы­лып, осы жыл­­­дардағы оқиғаларды қам­ти­тын, көр­кем­­дік деңгейі жоғары шығар­ма­лар қа­был­да­натыны атап көрсетілген бо­­латын. Рес­пуб­ликамыздың әдеби әле­мін­де қарымды қа­­ламымен танылған бе­л­­гілі драматургтер мен жазушылар қа­зы­лық еткен байқау өз ме­жесіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Кез келген байқауда бас бәйгені ие­лен­­ген шығарма үлкен оқиға тудыруы ке­рек. Сол себепті, бас жүлденің ор­ны­на 1-орынды 2 шығармаға беруге ше­шім қабылдаған қа­зылар алқасының ор­тақ ұйғарымы бой­ынша бірінші жүлде – Мархабат Бай­ғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» мен Сая Қасымбектің «Д­ауыл» пьесаларына, екін­ші орын – Байғали Есенәлиевтің «Ана жү­регі», үшін­ші орын Төкен Әлжантегінің «Жал­ғыздық жаң­ғырығы» және Мұрат Қол­ғанаттың «Пони» шығармаларына берілді. Ал арнайы номинациялар, «Шығармадағы ру­ха­ни кеңістік», «Тақырып тұтастығы», «Ұлт­­тық құндылықты дәріптегені үшін», «Бү­­гінгі күннің жарқын белгісі» аталымдары бойынша Хұсейін Әмір-Темірдің  «Еш­кімге керегі жоқ ауыл», Ұлжан Шай­­хиеваның «Желтоқсан айы мазасыз», Ақыл­бек Шаяхметтің «Алғыс пен қар­ғыс неме­се Жарық пен көлеңке» және Асылбек Ихса­новтың «Хақ жолы» туындылары марапатталды. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»