24 Қыркүйек, 2011

Мақсат – нәтиже биігінен көріну

352 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Қазақстан Президентінің 2011 жылдың 27 қаңтарындағы №1144 Жарлығымен бекітілген ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған республикалық кеңесі өтті. Отырысқа Президент Әкімшілігі, Ассамблея Хатшылығы, республикалық этно-мәдени бірлестіктер, ҚХА-ның ғылыми-сарап­та­ма­лық кеңесі, мелекеттік органдар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері қатысты. Кеңес Қазақстан Тәуелсіздігі­нің 20 жылдығын мерекелеуді жү­зеге асыруға бағытталған іс-шаралар барысы мен қоры­тын­дыларына, «Тәуелсіздіктің жиыр­ма шыңы» – 20 жұлдызды күн күнтізбесі аясында өтетін Ассам­бляның мерекелік іс-шараларына, оның ішінде 30 қараша «Келісім» және 14 желтоқсан «Мемлекеттік тіл» күндерін өткізуге дайындық мәселелеріне ар­нал­ды. Кеңеске Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары – Хатшылық мең­герушісі Ералы Тоғжанов төр­аға­лық етті. Басқосу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай сөз алып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына сәйкес басы қайырылған және жақын күндері жүзеге асырылатын іс-шаралар  төңірегінде өз ой-пайымын жеткізді. «Елбасының 2011 жылды, яғни биылғы жылды Қазақстан  Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялаған Жарлығына сәйкес, «Бейбітшілік пен жасампаздық­тың 20 жылы» ұранымен өт­кі­зіліп жатқан іс-шаралар Қазақ­стан халқының рухани-мәдени топтасуына, еліміздегі бірлік пен ынтымақтың одан әрі нығаюына зор ықпал етіп отыр. Мерей­той­ды мерекелеу Қазақстан азамат­тарының тәуелсіздік, мемлекеттілік, бейбітшілік, тұрақтылық, бостандық, бірлік және өркендеу ұғымдарының мәні мен мақсатын тереңнен түсінуге, ел тағдыры мен болашаққа жауапкершілікпен қарауға, Отанға деген сүйіспен­ші­лік сезімін қалыптастыруға негіз болып отыр», деді Дархан Мыңбай. Оның айтуынша, ме­рей­тойлық кезең аясында Алма­ты, Астана қалаларының, облыс­тардың ішкі саясат басқарма­лары­мен тығыз байланыс орна­тылып, ал жыл соңына дейінгі ақпараттық жұмыстар тізбесі нақты бекітілуі тиіс. Бұдан кейінгі кезекте Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тап­сырмаларының орындалуы ту­ралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хат­­шылығы меңгерушісінің орын­ба­сары Л.Прокопенко, ал аймақтық ассамблеялар қызметі жайында тиісінше ҚХА-ның Ал­маты, Жам­был, Павлодар, Оңтүс­тік Қа­зақстан облыстары бойын­ша хатшылықтарының меңгеру­ші­лері Ғ.Тұрсынбай, Л.Лысова, Ж.Жетпісбаев, Т.Құрманбаева, Корей мемлекеттік музыкалық комедия театрының директоры Л.Ни, т.б сөз алып, Ассамблея стра­тегиясын әзірлеудің барысы тө­ңірегіндегі өз ойларын ортаға сал­ды. Мәселен, ҚХА-ның Алма­ты облысы бойынша хатшы­лы­ғының меңгерушісі Ғабит Тұр­сынбай мереке мерейін асқақтату мақсатындағы іс-шаралар маңы­зы­на тоқталды. «Еліміз өз та­рихының жаңа бетін ашқалы отырған уақытта атқарылған ісімізді екшеп, есеп беруіміз өте маңызды. Себебі, 20 жыл бедерінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде үлкен өзгерістер болды. Алматы облысында Елбасының 2011 жылды Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығы деп жариялау туралы Жарлығы жүйелі орын­далуда. Ассамблея стратегиясын, Ел бірлігі доктринасын жүзеге асыру үшін жұмсалатын қаржы көлемі де ұлғайып отыр. Осыдан небары 5-6 жыл бұрын облыстық ассамблеяның бюджеті 5 млн. теңге төңірегінде болса, бұл күнде 50 млн-нан асып, 10 есеге артты. Бұл да тәуелсіздіктің жемісі», деді Ғ.Тұрсынбай. Осылай дей келе, ол облыс бойынша атқарылған жұмыстар шоғыры жайлы баяндады. Кейбір об­лыстардағы аудандар мен қала­ларда идеологиялық жұмыстарды атқаратын бұрынғы мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдерінің қысқартылып, бір ғана бөлімге бірігуі нәтижесінде туындаған кедергілер, аймақтар­дағы «Достық» үйлерінің жұмы­сын жүйелендіру, бір орталықтан қаржыландыру сияқты мәселелер түйінін тарқату жөніндегі ұсыныс-тілегін жеткізді. Жиын соңында елдік мерей­тойды жоғары деңгейде өткізуде саяси-ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық жұ­мыс­тардың маңызы айрықша екені атап өтілді. Кеңесте оған қатысушылар этносаралық келісім мен қоғам­дық тұрақтылықты нығайту бой­ынша ҚХА-ның мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастығы, этносаралық қатынастар саласын жандандыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам инсти­туттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру секілді мә­селелерді талқы таразысына сал­ды.  Белесті жылдар бедеріне көз жүгіртті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.