Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөздеріне және Сессия аясында бірқатар мемлекеттер басшыларымен болған екіжақты кездесулері туралы пікірлер білдіруде.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясындағы жалпысаяси пікірсайыста өз елінің Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке кандидатурасын ұсынуы ықтимал екендігі туралы мәлімдеді. Бұл – Ұйымға кіргеннен бергі уақытта БҰҰ-дағы өз позициясын өзгеріссіз нығайтуға жасалған нақты қадам.
Ал Қазақстан өзге де посткеңістіктегі елдермен қатар осыдан тура 20 жыл бұрын – КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздіктерін алған елдермен бірге БҰҰ-ның мүшесі болды. Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблеяда сөз сөйлеген соң, біздің радиоға сұхбат берді. Президент сұхбатында өз елінің аумағында МАГАТЭ аясында қызмет ететін халықаралық ядролық отын банкін орналастыруға дайын екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын құруды бастауға шақырды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл үдеріске «ядролы» елдердің барлығы қосылу қажеттігін, бұған АҚШ пен Ресей арасындағы арсеналдарды кезең-кезеңімен қысқарту туралы келісімнің нақты мысал болатындығын атап өтті.
Н.Назарбаевтың пікірінше, жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясы барлық мемлекеттердің жауапкершілігін күшейтеді және қаруды біртіндеп жою жолдарын ілгері жылжытады. «Бүгінде әлемде қарама-қарсы жағдай қалыптасқан: біріне ядролық қаруды ұстауға және оны жетілдіруге рұқсат етіледі, басқаларына керек болса, дайындауға мүлде тыйым салынады. Бұл әділеттілік емес, пропорционалды емес. Халықаралық құқықта мұндай ережелер қайта қаралуы қажет», – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясындағы сөйлеген сөзінде.
Президент сондай-ақ әлемдік қоғамдастықты ақпараттық үдерістерді бақылауға назар аудару қажет деп есептейді. Қазіргі кезде осынау маңызды саланы реттейтін бір де бір халықаралық құжат жоқ. Бұл елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Н.Назарбаевтың пікірінше, ядролық қаруы бар мемлекеттерге әлемдік қоғамдастық ұжымдасқан түрде қатерлі қаруларды жою жөнінде үндеу қабылдаулары тиіс.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таяу шығыста бейбітшілік орнату үшін Палестина мемлекеттік тану қажет, деп хабарлады бейсенбіде Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Бұл күндері Палестинаның қиын проблемалары белсенді талқылануда. Қазақстан Палестина мемлекетін құруды қолдайды. Тарих таразысында – қиын мәселе. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама айтты. Палестинаның тәуелсіздігінсіз Таяу Шығыста орнықты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес», – деп мәлімдеді Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөзі барысында.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Иорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырыста қауіпсіз бейбіт атом игеру туралы ұсыныспен шықты.
«Әлемдегі соңғы жағдайлар ядролық энергетиканы пайдаланудың сапалы жаңа кезеңіне нақты түрде шыққандығын көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан қауіпсіз бейбіт атомды игеру үшін үш әмбебап қағидатты ұсынады», – деді Н.Назарбаев. Оның біріншісі – энергетикалық атомды дамыту саласындағы жалпыпланетарлық механизмдерді басқару үдерістерін жетілдіру. Екіншісі – төтенше атомдық жағдайлар кезінде жалпыға танылған қағидаттар мен дағдарыстарды жоюдың механизмдері қажет. Үшіншісі – ядролық нысандарда көрініс беретін кез келген қиындықтарды дер шағында әлемдік қоғамдастыққа хабардар ету.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ға мүше елдерді 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдауға шақырды.
«Қазақстан 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан өз кандидатурасын ұсынды», – деп айтты Н.Назарбаев сәрсенбі күнгі БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясындағы жалпысаяси пікірсайыста сөйлеген сөзінде. «Біз әлемдік қоғамдастық қолдау білдіреді деп үміттенеміз», – деді Президент.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттерді жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базаларын тездетіп құруға шақырды.
«Ақпараттық кеңістік – бұл жер байлығы, әуе және су әлемі, ғарыш секілді адамзаттың болашағы үшін маңызды сала болып табылады. Бүгінде ақпараттық үдерістерді реттейтін бірде бір халықаралық конвенция, бірде-бір көптарапты шарт жоқ», – деп көрсетілген Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінде. Бұдан басқа, Президенттің пікірінше, жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасы құру ерекше маңызды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөзінде жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын әзірлеуді бастау туралы ұсыныспен шықты.
Президент Қазақстан 2012 жылы Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке үлкен үміт артатынын атап өтті. Президент сондай-ақ бүгінде әлемде қару-жарақ жасауға кететін шығынның жалпы жиынтығы «қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағыдан екі есеге тез өскенін, ол жыл сайын 6 пайызға артып, қазірдің өзінде 1,5 триллион долларға жеткенін атады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын және оның құқықтық құжаттарын әзірлеу қажет екендігін мәлімдеді.
«Бүгінде ақпараттық үдерістерді реттейтін бірде-бір халықаралық және бірде-бір көптарапты шарт жоқ. Сондықтан да банктерге, мемлекеттік мекемелерге, тіпті ядролық нысандарға «шабуыл» жасаған хакерлердің көпшілігі жазаланбайды», – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөзінде. Сондай-ақ Президент Палестина мемлекетінің тәуелсіздігінсіз Таяу шығыста тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.