28 Қыркүйек, 2011

Кеден одағының кемелденер шағы

332 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Ресей Федера­ция­сы Президентінің Кеден ода­ғын­дағы арнайы өкілі Виктор Христенконы қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сон­дай-ақ Кеден одағы қызметінің мәселелері талқыланды.

– Нұрсұлтан Әбішұлы барлық посткеңестік интеграциялық та­рих­тың локомотиві болып табылады. Бұл ретте жүріп өткен және қол жеткізілген елеулі кезеңдер интеграциялық бағыттардың се­нім­ділігі мен тиімділігін көрсе­теді, – деп бастады В.Христенко қабылдаудан шыққаннан кейінгі журналистерге арналған брифингте. – 2000 жыл – бес мем­лекеттің қатысуымен мүлде жаңа форматтағы Еуразиялық эконо­ми­калық қоғамдастықты құру жылы болды. Бұдан біраз уақыт өткен соң Кеден одағын қалып­тас­тыру туралы шешім қабыл­данып, үш ел – Қазақстан, Беларусь және Ресей терең инте­гра­циялық үдерістерге қарай алға жылжыды. Бұл да бүгінде статис­ти­калық, техникалық және саяси жағынан өзінің тиімділігін көр­сет­ті. Қарапайым азаматтар, бизнес үшін кеден бекеттері, көп­те­ген ресімдер алынып тастал­ған­да, тауарлардың, капиталдың ауысуы бәрі үшін күтпеген еркіндік болды. Бұл, сөз жоқ, соңғы үш жылдағы жетістік. Осы үш жыл ішінде Кеден одағының жаңа интеграциясының құқықтық және ұйымдастырушылық базасы қалыптасқан соң, бұл кезең ендігі бастауын келер жылдан алатын жаңа кезеңге ауысады. Бұл – Бірыңғай экономикалық кеңістік­тің функциясы кеңейе түсетін кезең. Ол уақытта тауарлар мен қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар қаржы саясатын үй­лестіру және қамтамасыз ету, салық саясатын үйлестіру, біздің дамуымыздың берік тұрақ­ты­лы­ғы мен орнықтылығына апаратын элементтерді үйлестіру анағұр­лым үлкен көлемде жүзеге асырылады. Биылғы жылы, – деді бұдан кейін РФ Президентінің Кеден одағындағы арнайы өкілі, – біз Ресей мен Қазақстанның екіжақты тауар айналымының 40 пайыздық өсіміне қол жеткіздік, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы бойынша өз тари­хын­дағы ең рекордтық көрсет­кішке шығамыз, яғни тауар айналымы ол кезде 20 млрд. долларға артады. Беларусьпен де солай болады. Иә, біз өз экономикамызда көрініс табатын жаһандық дағ­да­рыс­тың қиын кезін бастан өт­ке­реміз. Интеграцияның тереңдеуі біздің экономиканың анағұрлым орнықты, анағұрлым негізді дамуына мүмкіндіктер туғызатын болады. Президент Нұрсұлтан Әбішұлымен бүгінгі кездесуіміз комиссия жұмысы үшін жаңа құқықтық база қалыптастыруға арналды. Ол сондай-ақ жаңа инте­гра­циялық алаңда ұйымның жұ­мысын тиімді қамтамасыз ететін кәсіби, үнемі әрекет ететін органға айналуы керек. Бір жа­ғынан, Қазақстан Президентінің орасан тәжірибесінің арқасында, екінші жағынан, осы үдеріс­тер­дің мәнін түсіне отырып, бүгінде даму үшін алда үлкен көкжиекті қамтамасыз ететін ымыраға ке­летін шешім қабылдау қажет. Қазақстан 20 жыл ішінде өзге елге – орнықты дамушы, өзінің перспективаларын алдын ала дәл көретін, өз мүдделерін нақты тү­сі­нетін және оны қорғай білетін, әртүрлі салалардағы ірі жобаларды іске асыра алатын елге айналды. Осы орайда Президент са­райы­ның терезесінен жаңа Қа­зақ­станның қандайлық дамы­ғаны­ның дәлелін көруге болады. Мен елдің, қалалардың, адам­дардың келбеті қалай өзгергенін көрдім. Мен үшін бұл – Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың басшы­лығымен Қазақстан қол жеткізген жетістіктердің өте жар­қын белгісі, – деп аяқтады сөзін В.Христенко журналистерге ар­налған брифингте.