30 Қыркүйек, 2011

Мұстафа мұрасын зерделеу

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жуырда Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігі мен «Қаһарман ұрпақ» қо­ғамдық қоры белгілі алаштану­шы­лар­мен бірігіп «Тәуелсіз Қа­зақстан және Мұстафа Шоқай мұ­расы» ат­ты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Мақсат алаштың айрықша тұл­­­ға­сы Мұстафа Шоқайдың тарихи ор­­­нын және оның ел да­муына қос­қан үлесін байыптау. Түркістан ав­тоно­мия­сы мен Алаш Орданың ұлт та­ри­хындағы, тәу­ел­сіздік бастау­ын­дағы мис­­сиясын алаш қайраткері, қалам­гер М.Шоқай мұрасы арқылы зерделеу, оның адамзат өркениетіне сіңір­ген еңбегін жан-жақты қыры­нан қарастыру. Жиынға тарихшылар қау­ым­дас­­тығының президенті, тарих ғы­­лым­да­рының докторы, профессор М. Қойгелдиев, Парламент Мәжі­лі­сі­нің депутаты Ж.Сүлей­­ме­нов, шо­қай­та­нушы А.Кәкен, Л.Н. Гу­­­­ми­лев атын­дағы ЕҰУ «Алаш» мә­дениет жә­не рухани даму инсти­тутының ди­ректоры, филология ғылымда­ры­ның док­торы, профессор Д.Қам­за­бекұлы, «Қаһарман ұрпақ» қо­ғам­дық қо­ры­ның президенті Қ.Елубаев, Бай­ла­ныс және ақпарат министрлігі ақпа­рат және мұрағат коми­тетінің бас сарап­шы­сы, эпис­то­ляр­­­лық мұра­та­ну­шы Ғ.Исахан, тағы басқа мәде­ни­ет­танушы ға­лымдар мен жазушылар қатысып, баяндама жасады. Шара барысында «Мұста­фа­та­ну» – ғылымның бір саласына ай­на­­­луы тиіс. Осы уақытқа дейін ел қы­ру­ар кітаптар шығарды. Онда М.Шо­­қай­дың қайшылыққа толы өмі­рі там-тұмдап болса да айты­лып жатыр. Бірақ біз оған қа­нағат­тан­ба­уымыз керек. Халқын, елін осын­­дай бейбіт өмір­ге жеткізу жо­лында жанын пида еткен алаш ар­дақ­тысына әлі күнге то­лыққанды баға берілген жоқ», – деген пікірлер айтылды. Жиын со­ң­ын­да халық­ара­лық «Алаш» сый­лығы­ның иегері, ақын Қ.Бег­мановтың жетекшілігімен әзір­ленген «Мұстафа Шо­қай­дың ізімен» атты деректі фильм­нің тұ­сауы кесіліп, көпшілік назарына ұсынылды. Фильм желісінде Мұс­­­тафа Шоқайдың жаназасы шы­ға­рыл­­ған мешіт, Франциядағы қыр­­қын­да асы берілген мешіт, Па­риж­дің Шель қаласындағы Мәриям Шо­қайдың бейіті тү­гел­дей қам­­­­­тыл­ған. «Біздің осы туындымызға Мә­риям Шоқайдың күнделігі бас­ты құжат болды», – дейді автор. ... Алаш ардақтысы үшін мұн­дай елеулі, мәдени шара жылына бір мәрте болса да өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.