ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017

Жаңартылмалы энергия түрін ұсынды

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында Франция павильонында Назарбаев Университет мен «Syctom» компаниясы зерт­теушілерінің ортақ жұмы­сы нәтижелеріне арналған «Энер­гияны қайта өңдеу. Шешімдер. Серіктестер» тақырыбында семинар өтті.

Жаңартылмалы энергия түрін ұсынды

Бүгінде Жер шары халқының жартысынан көбі қалаларда тұрады. Заманауи мегаполистер ре­сурстардың барлық түр­ле­рі­нің негізгі тұтынушысы б­олып, эко­ло­гиялық мәселенің негізгі кө­зіне айналу­да. Қал­дықтарды басқару жүйе­сі­нің өзектілігі жыл өткен сайын ар­тып келе жатқаны да сон­дық­тан. Қазіргі таңда үлкен қа­­лалардың түгелге жуығы қал­­дық­тарды қоршаған ортаға зи­­я-
нын тигізбей өңдеуге мүм­кін­­дік беретін шешімдерге ие. Франция мен Қазақстан қа­ла­­ларында қол­да­нылатын тех­но­ло­гиялық шешім­дер осы шарада талқыланған негізгі тақырып болды.
Басқосу барысында қос ел­дің маман­дары қалдықтарды өң­деу мен олар­ды энергияның ба­ла­­малы көздері­не айнал­ды­­ру саласындағы жаңа зерт­­теулерімен бөлісті. Фра­н­цуз­­­дық компанияның ве­дом­ст­во­ара­лық бөлімі директоры Каролин Шаль қор­шаған орт­аны қорғаудағы басым ба­ғыт­тар мен екі ел арасындағы ынты­мақтасудың және тәжірибе алмасу­дың ықти­мал әдістері туралы баяндады. Па­риждің ірі коммуналдық қыз­мет­тері қа­ланың экологиялық және энер­­­ге­тикалық мәселелерін шешуге ар­­нал­­ған тәжірибелері мен ресу­рс-
тарын қалай біріктіретіні жай­ын­­­­да «SIAAP» компаниясы бас дирек­торы­­­ның орынбасары Дени Пенуэль әңгі­­ме­ле­ді. Қазақстандық «Экология және кли­­мат зертханалары» энергети­ка ор­та­лығы жетекшісінің міндетін атқа­­ру­шы, доктор Ербол Сарбасов қаты­су­­шы­ларға Астана үшін жасалған, тұр­мыс­тық қатты қалдықтарды жағу­дың жаңа технологиясымен жә­не айналмалы қайнаған қабат әді­сі бойынша көмірді жағу ре­активтілігіне тұрмыстық ауыр қалдықтардың әсерін зерт­теуі­­мен, сондай-ақ газдандыру үдерісімен таныс­тырды. 
«Syctom» компаниясының қыз­меті қайталама шикізатты сұ­рып­тау­ды қолдануға және әрі қарай өн­діруге негізделген. Бұл қал­ған қалдықтардан таза әрі қай­та жаңартылатын энергия алу­ға мүмкіндік береді. Мұндай қа­дам­ның нәтижесі ресурстарды са­қ­тайды. Болашақтың міндеті – аздаған қалдықтан көп энергия өндіру», деді сөзінде компанияның техникалық сервис жөніндегі бас директорының орынбасары Пьер Хиртцбергер. 

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»