ЭКСПО-2017 • 30 Маусым, 2017

Барабаншылар шеруі келушілерді баурады

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Израиль мемлекеті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында ұлттық күнін атап өтті. Шара аясында израильдік әнші Aveva ән шырқап, әлемге әйгілі «King David Peace Drummers» барабаншылар тобының шеруі ұйымдастырылды.

Барабаншылар шеруі келушілерді баурады

«Болашақ энергия­сы» тақырыбындағы ЭКСПО көрмесінде Израиль «Жасам­паздық энергиясы» ұра­нын ту еткен. Бұл – израиль­дік­тердің білімімен, креативті дағдыларымен және құштар­лығымен үндескен «Болашақ­тың энергиясы». Қазіргі таңда Қазақстан мен Израиль медицина, агроөнеркәсіп кешені салаларында жоғары технологияларды пайдалану мәселелері бойынша ынты­мақтастық орнатқан. Бола­шақ­та қос мемлекет «жасыл энергетика» саласында ауқымды жобаларын жүзеге асырмақ.
«Қазақ елі керемет жұмыс атқарды. Мен Қазақстан үкі­меті мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания­сын осы идеяны жүзеге асыруы­мен құт­тықтаймын. Көрме аяқ­тал­ған соң да ол көп уақытқа дейін естен шықпай­тыны анық. ЭКСПО көптің аузынан түспейтіні хақ. Мен үшін израильдік делегация­мен бірге көрмеге қатысудың өзі үлкен мәртебе», деді Израиль Сыртқы істер министрлігінің бас директоры Юваль Ротем.
Салтанатты жиында қазақ­­стандық Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов қос мемлекет арасындағы дип­ломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толғанын айтты. Оның мәліметінше, екі ел ара­сын­дағы өзара тиімді ын­ты­мақ­тастық сенім мен дос­тық­қа негізделген. «Қазіргі таң­да «Бола­шақ энергиясы» – әлем­дік деңгейдегі өзекті тақы­рып. Израиль – медицина мен инно­вациялық технология­лар саласында алдыңғы орында тұрған ел. Біз үшін осы сала­дағы Израиль тәжірибесі аса құн­ды және олардың бізбен тәжі­рибе алмасуға дайын болуы ерекше қуантады», деді ол.
Израиль павильоны көрме аяқталғанға дейін қонақтарын түрлі мәдени шараларымен таңғалдырмақ.

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55