Тарих • 03 Қыркүйек, 2018

Рио-де-Жанейрода Бразилия музейі өртеніп жатыр

62 app.timeкөрсетілді

Музей экспозициясында Бразилия және өзге де елдердің тарихынан сыр шертетін мыңдаған экспонаттар бар.

20 миллионнан астам құнды жәдігер жинақталған аумақтағы өртті сөндіруге барынша күш жұмсалып жатыр. Бұл елдегі ежелгі ғылыми орталық. Әзірге музей қызметкерлері, я келуші қонақтардың қандай да бір зардапқа ұшырағаны туралы дерек жоқ.

Өрттің шығу салдары белгісіз. Музей қызметкерінің сөзінше, жуырда қаржылық қысқартуларға байланысты шағымданғандарын айтады.

Бразилия Президенті Мишел Темер өзінің туиттер парақшасында болған жайтқа қатысты көңіл білдірді. «Тарихымыздың баға жетпес құнынын өрттен келген шығынмен өлшей алмаймыз», деп жазды ол.

1818 жылы Португалия королі Жуан VI музейдің іргетасын қалаған. Музейде Оңтүстік және Солтүстік Американың жануар коллекциясы, үндіс ыдыстары, мумиялар сынды жәдігерлер топтастырылған. Оның ішінде динозавр мен осыдан 12 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің сүйегі бар.

Ая Өміртай,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар