Бокс • 07 Қыркүйек, 2018

Элистадан үш боксшы жүлдемен оралды

166 реткөрсетілді

Ресейдің Элиста қаласында бокстан студенттер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Осы жарыста бақ сынаған төрт жерлесіміздің үшеуі елге олжалы оралды.

52 келі келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абай Қуандықовтың өнері көпшіліктің көңілінен шықты. Жартылай финалда Былтыр Шымкентте өткен әлел біріншілігінде қола медальді қанжығасына байлаған ақтөбелік боксшы бұл жарысқа жақсы бабында келген екен. Жартылай финалда жапондық  Нагакаки Рюуаторны ұтқан ол ақтық сында тайпейлік Ниен Шин Шенге шаң қаптырып кетті. Осылайша, Абай әлем чемпионы атанып, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. 

69 кило салмақта сынға түскен Бекболат Құрамысов осыдан екі жыл бұрын Таиландтың Чианг-Май қаласында өткен студенттердің әлем біріншілігінде күміс медальді иеленген болатын. Биыл да ол дәл сол көрсеткішін қайталады. Жартылай финалда польшалық Вашала Филипке сан соқтырған атыраулық боксшы шешуші тұста Тайпейдің өкіліне есе жіберіп, күміс медальді иемденді.

60 кило салмақтағы Ержан Ордабаев та жарысты жап-жақсы бастаған еді. Алайда жартылай финалда ол өте мықты қарсыласқа тап болды. Нәтижесінде Ресей чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Габил Мәмедовқа есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтты.

2016 жылы Таиландтың Чианг-Май қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді еншілеп, командалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрінген еді. Бұл жолғы жарысқа біз санаулы спортшыларды ғана апардық. Оның өзіндік себептері бар. Атап айтсақ, көптеген мықты боксшыларымыз Азия ойындарында өнер көрсетті, кейбіреулері таяу күндері өтетін Қазақстан бокс федерациясы кубогына даярланып жатыр. Осындай кедергілерге қарамастан Элистаға аттанған төрт жерлесіміздің үшеуі елге олжалы оралды. Командалық есепте бесінші орынға табан тіредік. Бұл да жаман нәтиже емес, – дейді Қазақстанның студенттер құрамасының аға жаттықтырушысы Дастан Сәдуақасов.

  Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жиһаз қоймасы өртенді

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Балуандарымыз бабында екен

Спорт • Бүгін, 09:39

Қазақ даласында 10 жыл ат үстінде

Аймақтар • Бүгін, 09:35

Ән мен дәм

Қоғам • Бүгін, 09:22

Әкенің беделі

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Қазақтың алтын қазынасы

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуметтік саясатқа ден қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:35

Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды

Парламент • Бүгін, 08:14

Ұқсас жаңалықтар