Медицина • 22 Қазан, 2018

Жатақхана құрылысы жанданады

823 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінде студенттерді жатақхана­лардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырыстың алғашқы шарттары жасалды.  

Жатақхана құрылысы жанданады

Шарт тараптары ретінде Білім және ғылым министрлігі, бағдарламаның операторы – «Қаржы орталығы» және елі­міздің бірқатар жоғары оқу орын­дары қатысты. Олардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Асфендияров атындағы Қа­­зақ ұлттық медициналық уни­вер­­ситеті, Қ.Сәтбаев атын­да­ғы Қа­зақ ұлттық зерттеу тех­ни­ка­­­­лық университеті, Қазақ­стан ин­­­женерлік-техноло­гия­лық уни­­­верситеті, Қазақстан инно­­­ва­­циялық университеті, ҚазМЗУ уни­­верситеті, Д.Қо­на­ев атын­­да­­­­­ғы Еуразия заң академия­сы бар.

Келісімдердің нәтижесінде объектілерді салу және реконс­трукциялау арқылы Астана, Алматы және Семей қалалары­ның студенттері үшін жатақ­ханаларда 4 мыңнан астам жаңа төсек-орын беріледі, оның ішінде 2810 жаңа төсек-орын келесі жылы беріледі деп жос­парлануда. Алдағы уақытта оқу орындары және әлеуетті инвес­торлармен бірлесіп, жаңа жобаларды жандандыру көзделуде. Басты мақсат – 2019 жылы жаңа 5 мың төсек-орын енгізу. 

Сонымен бірге, бағдарлама операторы мен қазақстандық ипотекалық ұйымы арасында студент жастардың тұру жағ­дайларын жақсарту саласын­дағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

«Өздеріңізге мәлім, биыл Елбасының бес әлеуметтік бастамасының аясын­да бір­қатар үлкен жобалар қолға алынды. Соның бірегейі – сту­денттердің жатақханадағы жағдайын жақсарту бойынша іс шаралар. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі, «Қар­жы орталығы», еліміздің бір­­­­­қатар ЖОО-дың арасын­да ке­лісімшартқа қол қойыл­ды. Бұл келісімшарттың нәти­жесінде 4 мыңға жуық жаңа орын пайда болады және оның 2810-ы 2019 жылдың соңына дейін іске қосылады. Жалпы бұл механизмнің ерекшелігі – мемлекет және жеке сектор әріптестігінің негізінде құры­луы. Жатақхананы ЖОО өз қаражатының есебінен немесе жеке сектордың инвести­циясын тарту арқылы іске қоса­ды. Нәтижесінде әрбір іске қосылған орын үшін мемлекет егер де студент сол жатақханада тұрған жағдайда құрылыс арқылы іске қосылса, 122 айлық есептік көрсеткішпен, ал егер бұл жатақхана реконструкциялау арқылы іске қосылса онда 47 айлық есептік көрсеткішпен төленеді. Осы жылдың көрсеткішімен алатын болсақ, құрылыс арқылы іске қосылса, 122 айлық есептік көрсеткіш шамамен жылына 300 мың теңге. Мемлекет бұл қызметті 96 ай, яғни жатақха­на іске қосылғаннан кейін 8 жыл жүргізеді. Негізгі шарт ­жа­тақханада студенттердің тұруы. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Шымкент сияқты қалаларда жа­тақханаға сұра­ныс жоғары. Не­гізгі жоспар бо­йынша 75 мың орындық жатақ­хананы іске қосу керек. Мұның барлығы кезең-ке­зе­ңімен 2019-2021 жылдар ара­­лығында іске қосылады. Қар­жы орталығының Білім және ғылым министрлігімен бір­лесе жүргізген сараптама нә­ти­жесінде 80 мыңға жуық орынға сұраныс бары анық­талды», деді «Қаржы» АҚ ор­та­­­лығының департамент ди­рек­­торы Біржан Әлімжанов.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»