Оның айтуынша, тұтынушылар жылу үшін төлейтін соңғы төлем аталмыш энергияны өндіру үшін пайдаланылатын отын түріне байланысты.
«Солтүстік өңірде негізінен көмірді пайдаланады. Ал, оңтүстікте газды қолданады. “Богатырь”, “Қаражыра”, “Майкөбе” көмірлері негізінен солтүстік аймақта өндірілетіндіктен, бұл өңір үшін арзан шығады. Әрі жылу электр энергиясының отын көзі ретінде өте ыңғайлы. Сондықтан электр және жылу бойынша ең төменгі тарифтер еліміздің солтүстігінде», — деді министр.
Дәл осы мақсатта оңтүстікке газды еліміздің батысынан алып келеміз. Өздеріңіз білетіндей, газ халықаралық сауда тауары болғандықтан, анағұрлым қымбатырақ тұрады. Себебі оның өзіндік құны да, жеткізу құны да арзан емес. Демек, ол жылу энергиясының құнына әсер етеді. Егер солтүстікте көк отын құны бір гигакалория үшін 2300 теңге болса, оңтүстік өңірлерде 5000 теңгеден асады.
«Бұған қатысты жағдайды өзгерту өте қиын, энергия үнемдеуші технологияларды жылдамырақ енгізу қажет. Энергетика министрлігімен кен орнында сату бағасының төмендеуі үшін жұмыстар жасап жатырмыз. Бұны орындай алсақ, онда бір ай ішінде түпкілікті тұтынушыға дейін осы төмендетілген бағаларды жеткізе аламыз», — деді ұлттық экономика министрі.