Спорт • 05 Сәуір, 2019

Жүзуден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жүзуден Қазақстан ашық чемпионатының төртінші жарыс күні аяқталды. Olympic.kz жеңімпаздар тізімін назарларыңызға ұсынады.

Жүзуден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі

Әйелдер арасында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден ресейлік Дарья Головина чемпион атанды. Екінші және үшінші орынды Алина Костенко мен Қорлан Әмірханова иеленді.

Ерлер арасында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден Александр Варакин топ жарды. Ол 22.31 секундта аталған қашықтықты жүзіп өтті.


50 метрге шалқалай жүзуден әйелдер арасында Диана Назарова, ерлер арасында Глеб Коваленя қара үзіп кетті.

400 метрге еркін әдіспен жүзуде  әйелдер арасында Диана Злобина 4:17.72 уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанса, ерлер арасында аталған қашықтықты 4 минут, 02:30 секундта бағындырған Сергей Присяжнюк алтын медаль тағынды.

Соңғы жаңалықтар