Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

923 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласына қарасты Маятас елді мекенінде «Hawaii Shymkent» демалыс аймағы ашылды. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров, елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, зия­лы қауым өкілдері қатысып, демалыс орнын аралап көрді.

Демалыс аймағы ашылды

Жобаның құрыл­тай­шысы – белгілі меценат Тө­кен Танаұлы. Жобаны іске асы­рушылардың айтуын­ша, мұнда бір мезетте 1500-2000 адам демалуға мүм­кін­дік бар. Аумағы – 5,7 гектар. Жобаның жалпы құ­ны 1 млрд 250 млн теңге деп бағаланып отыр. Бадам су қоймасы маңынан орын тепкен бұл аймақта барлық жағдай қарастырылған. Рекреациялық аймақ жыл бойы үздіксіз жұмыс іс­тей­ді. Алда демалыс айма­ғының жанынан тағы да бірқатар жоба қолға алын­бақ.

Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінде Данат Есболұлы қала әкі­мінің құттықтауын жеткізді. Демалыс аймағы қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенім білдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкiров те демалыс айма­ғының ел игілігіне жұмыс істей беруіне тілектестігін біл­дірді.

Нұршат Төкен 

ШЫМКЕНТ