Қоғам • 16 Тамыз, 2019

Сауда және интеграция министрлігі ведомствоның Қоғамдық кеңесін құруға кірісті

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде, ИСМ Жауапты хатшысы Ж.М. Нупировтың төрағалығымен, Министрліктің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Сауда және интеграция министрлігі ведомствоның Қоғамдық кеңесін құруға кірісті

«Отырысты ашқан Ж. Нупиров, Қоғамдық кеңестің мәжіліс-кеңес беру алаңы ретіндегі жұмысының маңыздылығына назар аударды. ИСМ Жауапты хатшысы: «Біздің министрліктің стратегиялық бағдарламаларын қалыптастыруында қоғам мүшелерінің пікірі біз үшін өте маңызды», деп атады.

Қоғамдық кеңестің құзыретіне бюджеттік бағдарламалар жобаларын, министрліктің стратегиялық жоспарларын және олардың орындалуын талқылау, НҚА жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тағы басқалар кіреді.

Жұмыс тобының бірінші отырысында, жұмыс тобының мүшелері мен байқаушылар, оның құрамына ИСМ-не өтініш берген барлық қатысушылар кірді, олар Сауда және интеграция министрлігінің қоғамдық кеңесі мүшелерінің санын анықтады. Талқылау нәтижесінде, ведомствоның Қоғамдық кеңесіне 10 адам кіруі керек деген шешім қабылданды: мемлекеттік органның 3 өкілі және коммерциялық емес ұйымдардың 7 өкілі. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1. сотталғандығы болмауы;

2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар туралы ұсыныстарды 2019 жылдың 3 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 7 кіреберіске немесе a.orazaliev@mti.gov.kz электрондық мекен-жайына жолдауыңызды сұраймыз. Анықтама үшін: +7 (7172) 74-92-00, 8-776-827-32-26