Қазақстан • 02 Қазан, 2019

Қоғамдағы үнқатысу – орнықты даму шарты

196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет палаталары­ның бірлескен отырысында алғаш рет Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың негізгі бағдары – еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудің барысын айқындау, заманауи кезеңдегі мемлекетіміздің дамуындағы сан қырлы қайшылықты проблемалардың түйісетін тұстарын көрсету.

Қоғамдағы үнқатысу – орнықты даму шарты

Өкінішке қарай, қоғамда жастарды еңбекқорлыққа тәр­биелеуге терең мән беруде, ұстаздардың мәртебесін биік­тетуде, әлеуметтік деңгейі төмен тұрғындарға жүйелі қол­дау беруде, қылмыстың әр қилы көрі­ністерімен күресуде қорда­лан­ған мәселе жетерлік.

Жолдау өзекті мәселелердің қатарына қазіргі қоғамдағы жемқорлық пен сыбайластыққа, болашаққа қарай ұмтылмайтын босбелбеулікке қарсы күрес жатқызылды. Адам өмірінің құн­ды­лықтар мен оның құқықтары мен бостандығын барлығынан жоғары қою демократиялық елдерге тән қасиет болып саналады. Әсіресе осы мақсатты жүзеге асыру үшін көмек берілуге тиіс­ті әлеуметтік топтар мен жеке аза­маттар тізімі нақты түр­де анықталғаны жөн. Сонда біз­дің үлкен өндірістен шеттеп қал­ған, бірақ шамасы келгенше шағын бизнеспен айналысатын көпшілік қауымға атаулы және нақты көмек берілері анық. Әрбір өндіруші кәсіпкер өзінің еңбегінің қызығын алдымен өзі көруі керек. Сонда ғана экономика саласында ынталанудан белсенді даму процесі жүзеге асады, алға қарай өркендеудің қайнар көзі ашылады.

«Мен халыққа берген уәде­лерім­ді міндетті түрде орындай­мын», дейді Президент Қ.Тоқаев. Демек, елдің болашағы сөз бен істің өзара үйлесуінде. «Айтыл­ған сөз – атылған оқ» дей­ді хал­қы­мыз. Барлық дең­ге­й­­дегі сөзге деген құрмет көбей­се, онда бола­шаққа қарай қада­мы­мыз да ши­рақ болар еді, қо­ғам­дық санаға сенім де кіре­ті­ні белгілі. Өкінішке қарай, әртүр­лі деңгейде құрғақ уәде беру, азаматтарды алдамсырату көрініс беріп отырғаны жұрт­­шы­лықты қынжылтып кел­гені шын­дық. Қоғамдағы теріс құбы­лыс­тардың пайда болуы себеп­тері­нің астарында, түп төркі­нінде шешілмеген әлеу­мет­тік-эко­номикалық мәселелер, рухани дағдарыстар мен ауытқулар, әлеуметтік проблемалар жататыны белгілі. Енді мәселелерді көп болып еңсеруге ұмтылсақ қана Жолдауда айтылған сындар­лы ойлар жүзеге асары анық. Диалогтан іске көшетін кезең жақын деген ойдамыз.

 

Серік НҰРМҰРАТОВ,

философия ғылымдарының докторы, профессор, Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары