Қоғам • 19 Қараша, 2019

Ел қауіпсіздігін нығайту – міндетіміз

12 реткөрсетілді

Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі аралықта елімізде көптеген құрылымдық өзгеріс жүзеге асып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Алайда келешекке сенімді қадам жасау әлі де өзекті екені белгілі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жол­­­дауында алға қойылған мін­дет­­тер мен мақсаттар бүгінге де­йінгі атқарылған іргелі істердің заң­ды жалғасы болып табылады. Со­ны­мен бірге Жолдаудың ерекше бір сипаты – еліміздің бүгінгі ке­зеңдегі дамуының түбегейлі тұс­тарын зерделеп, оның қыр-сы­рын жоспарлы түрде жаңғырту мәсе­лесіне мән беруінде болып тұр.

Жолдаудың екінші бөлімінде арнайы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерінің қор­ғалуына тоқталады. Президент: «Біздің алдымызда жаңа тұжы­рымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр.

Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мә­се­лелер қордаланып қалғанын көрсетті. Әскерге жұмсала­тын шы­ғыс­тарды реттеп, осы сала­дағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті нығайтатын кез кел­ді. Сонымен бірге әскери қыз­­­меттің беделін арттырып, Қару­­­­л­ы Күштердің материалдық база­­сын нығайту қажет. Отаны­на адал, кәсіби тұрғыдан дайын­дал­ған офицерлері мен әскери қыз­мет­шілері бар армиямыз жаңа гео­саяси жағдайларда ел қауіп­сіз­дігіне қауіп төндіретін қатер­лерге тойтарыс беруге дайын болуы керек» – деп атап көрсетті.

 Осы ретте Жамбыл облыс­тық қор­ғаныс істері жөніндегі департамент ұжымы Жолдаудағы көрсетілген міндеттерді орындауды бастап та кетті. Анығырақ айт­сақ, департаменттің және оның бағынысындағы бөлімдер мен басқармалардың жоғары әскери дайындықтарын қадағалауда.

Жиырма жеті жылды еңсер­ген еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Қанатын қатайтты, өсті, өр­кендеді, осылайша бүгінгі дең­гейіне жетті. Ендеше Елбасы салып берген сара жолмен, Президентіміздің заман талабына сай зайырлы мемлекет құруға деген бетбұрысын қорғаныс жү­йе­мізді бекем ұстай отырып қолдау – біздің бірден-бір мін­детіміз деп санаймын.

 

Ерлан ЖАБЫҚБАЕВ,

полковник, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы

Соңғы жаңалықтар

Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (1889-1931)

Басылым басшылары • Бүгін, 17:42

Басылым басшылары - Смағұл СӘДУАҚАСОВ (1900-1933)

Басылым басшылары • Бүгін, 16:53

Алматыда Абай клубы ашылды

Руханият • Бүгін, 16:22

Басылым басшылары - Бернияз КҮЛЕЕВ (1899-1923)

Басылым басшылары • Бүгін, 14:55

Басылым басшылары - Тәмимдар САФИЕВ (1892-?)

Басылым басшылары • Бүгін, 11:28

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар